Каспий банк қызметкерлерін кепілдікке алған Алихан Мурадовқа қандай жаза тағайындалғаны белгілі болды
![Каспий банк қызметкерлерін кепілдікке алған Алихан Мурадовқа қандай жаза тағайындалғаны белгілі болды](/image/stub.png)
2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, 18 маусым күні Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген А.Мурадов тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандар мен кепілге алушы зардап шеккен жоқ.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261 бабы 2 бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді.
Кейінірек Алихан Мурадовтың есірткіге тәуелділігі бойынша есепте тұрғандығы белгілі болды.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)