«Artsport» жобасынан бөлінген миллиардтар жымқырылған

«Artsport» жобасынан бөлінген миллиардтар жымқырылған

Антикор «Artsport» жобасының жемқорлық фактілері туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында «Artsport» жобасы шеңберіндегі жемқорлық істері жайлы ақпарат берілген.

 

«Үйірмелер мен секцияларды мемлекеттен қаржыландыру жолымен бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға шамамен 43 млрд теңге бөлінді (2021 жылы – 5,8 млрд теңге, 2022 жылы – 37 млрд теңге). Бағдарлама іске асырылған қысқа мерзімнің ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адамның ісі сотқа беріліп, оның 4-еуі сотталды», - делінген құжатта.

 

Антикор мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бағдарламаға бөлінген қаражатты игерудің барлық кезеңінде анықталған.

 

«Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты жоба екі рет тоқтап қалды. Сондай-ақ «ArtSport» электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығы «өмірде жоқ» жандарды енгізуге мүмкіндік берді», - деп жазылған ұлттық баяндамада.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын  "Рухани болашақ" қауымдастығының төрағасы Ләйлә Әбдірахманова Artsport платформасын сынға алып, платформаның заңсыз жұмысы арқылы 8 млрд теңге жымқырылғанын мәлімдеген еді.

 

Сондай-ақ, бұрынғы жезөкшелер ArtSport бағдарламасы аясында балаларды жаттықтырғаны хабарланған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста