"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы басшысы 5 жылға сотталды
"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы бас директоры Бекмырза Игенбердиновке үкім оқылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
"Бекмырза Қайыргелдіұлы Игенбердинов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, бес жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - делінген сот үкімінде.
Игенбердинов 160 мың доллар пара алды деп айыпталған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, "АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы бас директоры 2022 жылдың 10 қазанында қамауға алынған болатын.
Бекмырза Игенбердинов бұл қызметті 2022 жылдың маусым айынан бастап атқарды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz