Абай облысында балалар үйінің басшылығына қылмыстық іс қозғалды

Абай облысында балалар үйінің басшылығына қылмыстық іс қозғалды

Абай облысында балалар үйінің қызметкерлері бюджеттен 6 миллион теңгеден астам соманы ұрлаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары көлемде жалақы төлеген. Сондай-ақ сыйақы мен іссапар шығынын алып отырған.

 

Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды. Сонымен қатар  жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленген, – деп хабарлады Бас прокуратура.

 

Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке шығын келген.

 

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

 

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста