Елбасы қарттарға өз қолымен орден тақты

Елбасы қарттарға өз қолымен орден тақты

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Ақорда төрінде де айтулы іс-шара өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштері сапындағы бір топ сардарға жоғарғы әскери атақтар табыс етті. Және бір шоғыр Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қорғаныс саласына қомақты еңбегімен үлес қосқан әскери қызметшілерді,  ішкі істер органдары қызметкерлерін мемлекеттік марапаттармен марапаттады.

Ең алдымен Елбасы қорғаныс және ішкі істер саласында жемісті қызмет еткен офицерлер мен генералдарға жоғарғы әскери шендер табыстады. Атап айтсақ, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақовқа генерал-полковник шені, Президент күзеті қызметінің бастығы Мұхтар Аюбаевқа генерал-лейтенант атағы табысталды. Сондай-ақ Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сорокинге авиация генерал-лейтенанты атағы, Мүсілім Алтынбаев, Руслан Әлімов, Бекет Байғазиев т.б 10 адамға генерал-майор атағы берілді. Осылармен бірге Н.Назарбаев Амантай Әубәкіров бастаған төрт адамға полиция генерал-майоры атағын табыс етті. Ал Бас прокурор Қайрат Мәми І дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін иеленді. Жоғарғы шендерді тапсыра отырып, Президент генерал атағын иеленген сардарларды мерекелерімен құттықтады. «Тәуелсіздік жылдары біздің тыныштығымыз бен тұтастығымызды қас қақпай күзетіп тұратын айбынды армиямыз қалыптасты. Оның алғашқы қолбасшысы Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов болғанын білесіздер. Бұл – біздің бабаларымыздан келе жатқан сабақтастығымыздың белгісі. Қазақстанның Қарулы Күштері бүгінде татулықты ту еткен, халқымыздың берік қорғаны, Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың сенімді тірегі болып табылады. Халқымызда «батыр туса – ел ырысы» деген сөз бар. Айбынды әскеріміз, қырағы қорғаушыларымыз барда халқымыз баянды бейбітшілік болады деп сенеді... Ұлттық Қарулы Күштеріміз жаңадан жасақталған кезде генералдарымыздың қатары аз болатын. Бүгінде олардың тұтас бір легі қалыптасты. Міне, қатары бүгін тағы да толықты. Бұл да тұғырлы Тәуелсіздігіміздің нәтижесі деп білген жөн», – деді Елбасы салтанатты рәсімде сөйлеген құттықтау сөзінде. Сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы әскери және құқық қорғау саласын таңдап, осы жолда еңбек еткендер үшін осындай жоғарғы дәрежелі шен алудың үлкен бақыт екенін тілге тиек етті. «Екіншіден, сіздерге үлкен міндет артылып отыр. Екі иығында генерал погоны бар адам  мемлекетіміздің жоғарғы марапатына ие болған, ел сыйлайтын, құрметті азаматы болып саналады. Сондықтан жүріс-тұрыстарыңыздың бәрі қол астыларыңызда қызмет ететін офицерлер мен сарбаздарға, басқа да азаматтарға үлгі болуы тиіс. Және жоғары мәдениетті, сауатты, әскери адамға сай сұңғақ бойлы, мықты да рухты, әр уақытта жарлықты орындауға дайын тұратын адам болуы керек», – дегенді де ескертті Елбасы. Өйткені кей генералдар Президент қолынан шен алу кезінде дұрыс әскери қадам жасай алмай жатса, кейбірі атағын алған соң, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп тәртіп бойынша айтуға тиісті сөздерін ұмытып кетіп жатты. Ондайларды Елбасы өзі тоқтатып, есіне салып тұрды. Тіпті кейбірінің қозы қарындары Президенттің көзіне сөкет көрінсе керек, «әскери адам болған соң, мынаны тарту керек қой» деп қолымен нұсқап жатты.
Бұл шарадан кейін Елбасы бір топ соғыс ардагерлері мен қорғаныс және ішкі істер саласында табысты қызмет еткен азаматтарды мемлекеттік марапаттармен марапаттады. Алматы қаласынан келген Шапағат Әлбазаров бастаған 18 қарт «Құрмет» орденін тақса, Сейдахмет Әбдірасылұлы т.б. төрт ақсақал «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Айта кетерлігі, барлық қариялардың кеудесіне орден, медальдарды Елбасы өз қолымен тағып берді. «Қазақстанның әр түкпірінде сіздерге деген қамқорлық, көңіл бөлу, баспана, үй ішіндегі жағдай жағынан болсын – барлығы жасалып жатыр. Осының барлығы – сіздерге ұл-қыздарыңыздың істеген ерліктеріңіз үшін арнап жатқан сый-құрметі. Сол арқылы келешек ұрпақ біздің буынды да сіздерді қастерлегендей қастерлесе екен демекпіз. Сабақтастық, баладан атаға арналатын құрмет осылай болуы керек деп санаймын. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер соғыс жылдарында да көп қиыншылық көрдіңіздер. Ал қазір осы уақытқа дейін аман болып, Алланың шапағатына, мемлекеттің құрметіне бөленіп отырғандарыңыздың өзі – үлкен бақыт. Бір кезде сонау сұрапыл соғысты көрдіңіздер, енді, міне, қазақтың Тәуелсіздігін көріп отырсыздар. Сол қуаныштарыңыз молынан болсын!» – деді Елбасы ардагерлер алдында ақ тілегін арнай отырып.

Марапатталғандардың арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Әлихан Жарболов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденін алды.

Ал ІІ дәрежелі «Айбын» орденін иеленген 10 азаматтың ішінде Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштері Әскери әуе күштерінің ұшқыш аға инспекторы, подполковник Игорь Бейлин де бар еді. Президент оған орденді табыстай тұрып: «Бұйрық бойынша Жалалабадқа барған азамат – осы», – деп жылы ілтипат танытты. Ал Игорьмен бірге Қырғызстанға барған топтың құрамындағы өзге бес адамды 6 мамыр күні қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков марапаттағанын да айта кетейік.
Салтанатты рәсімнің соңында Елбасы осындай шаралардың республиканың барлық өңірінде өтіп, әскерилер мен ардагерлерге, құқық қорғау өкілдеріне дерлік өзінің жарлығымен әкімдер арнайы марапат жасап жатқанын айтты. Сонымен қатар Елбасы 9 мамырда Мәскеудегі әскери шеруге қатысуы себепті, ардагерлермен және халықпен бірге Астанадағы салтанатты мерекелік шарада бірге бола алмайтынын айтып, ғафу өтінді.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойды.
Гүл қою рәсімінен кейін шараға қатысушылар сол сұрапыл соғыста өздері азат еткен жерден топырақ бұйырып, шейіт болған майдангерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, мерекелік шараға Астананың, Алматы және республиканың басқа да аймақтарынан 400-ден астам Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен елорда қонақтары,  Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов, қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, сондай-ақ Үкімет мүшелері мен бір топ Парламент депутаттары қатысты. Ал республикалық «Ұлан» және Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери бөлімшелері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеткіншектері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан салтанатты әскери саптық шерумен өтті.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста