Құқықтық саясат Тұжырымдамасы – мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты

Құқықтық саясат Тұжырымдамасы – мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты

Біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, адамның өмірі мен құқықтары және бостандықтары. Ата заңымызды басты назарға ала отырып, Елбасымыз Н.Назарбаев 2009 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. 10 жылға межеленген ұзақ мерзімдік құжат құқықтық жүйенің барлық саласын жетілдіруді көздейді.
Жүргізіліп жатқан реформалар негізінде елімізде демократиялық және құқықтық мемлекеттiң сұранысына сай келетiн құқық қорғау жүйесi қалыптасып, оңтайлы жұмыс атқарып келеді.Еліміздегі жалпы құқықтық саясатты жүргізуде аталған тұжырымдаманың маңызы өте зор, ол алдағы он жылдағы құқықтық жүйе дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құқық саласының өзегі болып табылады. Ендігі жерде сот-құқықтық реформаны дамыту үшін әрбір мемлекеттік орган тұжырымдамадағы салаларға сәйкес өзіндік бағытын айқындауы тиіс. Әрине, басты ұстанарымыз еліміздің Конституциясы екендігі белгілі. Тұжырымдаманың маңыздылығы сол, ол бір жағынан құқықтық құжат болса, екіншіден, саяси құжат. Сондықтан ол ұлттық заңнаманың негізгі салалары – конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, экологиялық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңдарын жетілдіруге қызмет етеді.

10 жылға межеленген ұзақ мерзімді құжат құқықтық жүйенің барлық саласын жетілдіруді көздейді. Тұжырымдамада ұлттық құқықтың негізгі салаларын дамыту мен құқық қорғау және сот жүйелерінің қызметін нығайтуға баса назар аударылады. Бұл орайда, құқықтық саясаттың негізгі буыны – қылмыстық саясатты жетілдіру жағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Тұжырымдамада көзделген ең негізгі мақсат - Қазақстандағы құқықтық жүйені халықаралық талапқа сай гуманизациялау. Алты бөлімнен тұратын бұл құжатта «Құқықтық білім беру, құқықтық насихат» және «Құқық қорғау мен сот жүйелерiн және құқық қорғау институттарын дамытудың негiзгi бағыттары» бөлімдері ерекше назар аударуды қажет етеді.

Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі - құқықтық білім беру мен құқықтық насихат жасау арқылы зияткерлік әлеуетті арттыру болып табылады. Өйткені қоғам құқық пен заңды білмейінше, құқықтық мәдениет қалыптаспайды. Құқықтық білімі бар және оны өмір жағдайларында қолдана алатын құқықтық мәдениеті жоғары азамат заңдылықтың бұзылуына жол бермейді. Сондықтан да азаматтарымыз Ата заңымызда көрсетілген өзінің құқықтары мен міндеттерін жете білуі қажет.

«Мемлекеттiң құқық қорғау қызметi одан әрi дамытуды және жетiлдiрудi талап етедi. Осыған байланысты бұл қызметтегi басты басымдық мыналар болуға тиiс: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау, мемлекеттiң кез келген құқық бұзушылыққа жауап әрекетiнiң бұлтартпаушылығын қамтамасыз ету, қылмыстарды жылдам әрi толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара iс-қимылдар жасасу» - деп көрсетілген Тұжырымдамада.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы мемлекеттің барлық қызмет салаларын қамтиды, бірақ оның ең басты мақсаты – азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және қазіргі заманға сай әлеуметтік құқықты жүзеге асыру. Бұл құжатта мемлекеттің индустриалды-инновациялық стратегиясының дамуы шегінде қаржы, салық және кеден заңнамаларына ерекше назар аударылады. Жалпы алғанда, қазақстандық заңнаманың кешенді дамуы және оның Тұжырымдамада бекітілген құқықтық саясаттың негізгі бағыттарына сай қолданылуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайының дамуына оң әсерін тигізеді. Қазақстандық заңнаманы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады.

Д. Тілеумбетов, Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы Алматы қаласы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста