Университетте оқитындарға -16500, колледж студенттеріне 13500 теңге шәкіртақы беріледі

Университетте оқитындарға -16500, колледж студенттеріне 13500 теңге шәкіртақы беріледі

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қазақ үкіметі «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын жасап, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы да біраз болды. Бұл бағдарлама әсіресе, оңтүстікқазақстандықтардың қызығушылығын арттырғаны рас. Тіпті ел арасында «бұл бағдарламаны біз үшін, шымкенттіктер үшін арнайы қабылдаған» дейтіндер де аз емес.

Алайда, ауылдағы ағайын «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына қалай қатысу керектігін, қайда бару қажеттігін әлі де толық-қанды білмейді. Түсінбеітін тұстары да баршылық. Осыған орай біз өз оқырмандарымыз үшін облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Елшиева Альбина Балғабайқызының мән-жайды түсіндірген мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша жұмыстар былтыр басталған. Негізгі мақсаты- халық саны көп, жұмыс күші жеткілікті өңір жастарының тұрғындар саны аз аймақтарда тегін білім алуын қамтамасыз етіп, жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған. Әсіресе, бұл жоба әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектер үшін таптырмас қолдау болып табылады. Олай болса, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары осы бағдарлама аясында грантқа ие болуға мүмкіндіктері зор. Туу көрсеткіші жоғары, әрі кадр тапшылығы жоқ бұл өңірлердің көптеген азаматтары қазірдің өзінде «Серпін-2050» жобасы аясында мүмкіндікті пайдалануға қызығушылық танытып отыр. Жалпы тәуекелшіл, өзгерістерден жасқанбайтын, белсенді, өнерлі, білімге құмар, өзге өңірлерде оқып, қажет болса, сол өңірлерде қалып жұмыс істеуге бел байлаған жастардың осы мүмкіндікті пайдаланғаны жөн.

Өз кезегінде «серпіндіктерге» жасалатын бірқатар жеңілдіктер де жоқ емес. Жоғары оқу орнында оқитындарға ай сайын 16 мың 500 теңге, ал, колледж студенттеріне 13 мың 500 теңге стипендия беріледі. Барлығы да тегін жатақханамен, жолақымен, жылына екі рет – қысқы және жазғы демалыстарда ауылына барып қайту үшін қаржылай көмекпен қамтамасыз етіледі. Оған қоса колледж студенттеріне тәулігіне үш мезгіл ыстық тамақ беріліп, қыстық киімі үшін әр студентке 64 мың теңге бөлінеді.

«Серпін» экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да пайдасы зор. Жоба шеңберінде білім алған бірде-бір студент жұмыссыз қалмайды. Осы орайда айта кету керек, осы бағдарламамен барып оқыған жастар үшін жұмыс істеу үшін оқыған өңірлерде қалу міндетті емес. Егер сол жерде жұмысқа қалмаймын десе, әркімнің өз еркі. Бірақ, онда жұмыс табу мүмкіндігі жоғары екенін ескергені жөн деп білемін.

Ал енді гранттар мәселесіне келетін болсақ, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасына 2015-2016 оқу жылында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары секілді еліміздің 9 аймағында орналасқан 19 жоғары оқу орны мен 36 колледж қатысады. Жоғары оқу орындары үшін бөлінген грант саны – 5000. Колледждер үшін бөлінген грант саны – 1200. ЖОО-дары 60 мамандық бойынша, колледждер 47 мамандық бойынша түлектерді оқуға қабылдайды. Онда техникалық, ауыл шаруашылығы, педагогикалық 60 мамандық түрі белгіленген. Толығырақ мәліметті www.serpin-2050.kz сайтының «Мамандықтар» бөлімінен көруге болады.

Айта өтейін, былтыр бөлінген 2050 гранттың 800-ден астамын оңтүстікқазақстандық жастар иеленген болатын. Биыл жоғары оқу орындарында білім алушылар үшін грант саны былтырғымен салыстырғанда, 5 есеге дейін көбейді. Себебі, өткен жылы конкурста бір орынға 5 талапкер таласқан-ды. Оның үстіне 2014 жылы колледжде ер балаларға тән мамандыққа грант көбірек бөлінген еді. Үстіміздегі жылы олардың қатарына қыздарға арналған «дизайн», «байланыс», «мейрамхана бизнесі» секілді мамандықтар қосылды.

Егер жоғары оқу орнына түскіңіз келсе, ҰБТ-ден немесе кешенді тестілеуден (КТ) ең төменгі шекті деңгейден кем болмайтындай (50 балл, орыс тілін қоспағанда) ұпай жинауыңыз керек. Сондай-ақ ҰБТ-ге қатыспаған, былтыр және оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-на білім грантымен түспеген жастар да кешенді тестілеуден кейін үміткер атана алады. КТ 17-23 шілде аралығында өтеді. Оған қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 9 шілде аралығында жергілікті қабылдау комиссияларында қабылданды. Ескерер жайт, бейіндік пән бойынша 7 балдан аз жинаған талапкер конкурсқа қатыстырылмайды. Оның үстіне бағдарламада көрсетілген 19 ЖОО үшін бөлінген 5000 арнайы грантты (мамандықтарды) таңдау шарт. Ал, колледж талапкерлеріне бұл сынақтардың қажеті жоқ. Орта білімді растайтын аттестатпен құжаттар қабылдана береді. Әйткенмен таңдаған колледжіңіздің қабылдау емтиханына қатысуға міндеттісіз. Колледжерге 9-сыныпты бітірген түлектер қабылданбайды. Себебі, олар әлі жас, ата-анасынан жырақта білім алу олар үшін қиынға соғуы мүмкін. Ерекше айта кетерлігі, студенттердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

Мамандық таңдауда талапкер алдымен www.serpin-2050.kz сайтының оң жағындағы «ЖОО мамандық таңдау» сілтемесіне кіргені абзал. Сол жерден өзінің ҰБТ кезінде таңдаған 4-ші пәні бойынша қандай мамандыққа тапсыра алатынын көре алады. Мұнан соң таңдау пәні бойынша тізімдегі сәйкес мамандықтарды таңдайды. Әр мамандықтар бойынша мамандық шифры және сол мамандыққа арнайы грант бөлінген ЖОО аты жазылған.

Ал, жоғары оқу орнын таңдауда мынаны ескергені дұрыс: Бағдарлама бойынша бөлінген 5000 арнайы грант тізімдегі 19 ЖОО-на ғана тиесілі. Сайттың оң жағында «Арнайы гранттар бөлінген ЖОО-дары» сілтемесіне кіріп, өзіңіз таңдаған мамандықтарыңыз қай білім ордасында орналасқанын көріп, қажеттілерін таңдайсыз. Бағдарлама бойынша сол ЖОО-на бөлінген арнайы гранттар тізімі көрсетілген. Сайттың «Талапкер қабылдаушы ЖОО-дары» бөліміне кіріп, оқу орны орналасқан облысы, мекенжайы, байланыс телефондары, әлеуметтік-мәдени жағдайымен таныса аласыз. Талапкер қалауы бойынша бір немесе төрт университетке дейін таңдау жасай алады. Бұдан кейін мамандықтардың шифрын және ЖОО-ның кодтарын жазып алыңыз.

Ең маңыздысы, құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады. Оңтүстік Қазақстан облысында қабылдау комиссиясы М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында және №3 (Шымкент қаласы, Гагарин көшесі, 121. Телефондары: 35-08-84, 31-89-01) және №4 колледждердің (Шымкент қаласы, Қ.Жарқынбеков көшесі, 13. Телефондары: 56-34-97, 56-31-19, 56-33-69) базаларында орналасқан. Бағдарлама бойынша құжат тапсырған талапкерлер www.serpin-2050.kz сайтына міндетті түрде тіркелуі керек және сайттың оң жағындағы «Серпінге тіркелу» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтырады.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда жобаның жергілікті жерлердегі штабтарына, сондай-ақ 8 (7172) 48-62-51 немесе 8-701-515-20-50 байланыс телефон нөмірлері арқылы Республикалық үйлестіру кеңесіне хабарласуларыңызға болады.Конкурс қорытындысы тамыз айының 8-10 аралығында республикалық газеттерде немесе ғаламторда жарияланады.

Оңтүстіктің жастарына «Осындай мол мүмкіндікті қолдан жіберіп алмаңыздар!» дегім келеді.

Альбина ЕЛШИЕВА, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

businessnews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста