ҰБТ қортындысы бойынша облыс мектептердің алғашқы және соңғы 100-діктегі орындардың ара салмағы

ҰБТ қортындысы бойынша облыс мектептердің алғашқы және соңғы 100-діктегі орындардың ара салмағы

Қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Оқытушыны бағалағанда олардың ісіне қатысы жоқ,сөздеріне қарап емес,олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне яғни оқушыларына қарап бағалау керек»-деген қанатты өсиетінің өзектілігі бүгінгі таңда да айқын сезіледі.Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі,оқушылардың функционалдық сауаттылығы ұғымдары жеткіншік ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда адами капиталды дамытуда сапалы білімнің қолжетімділігімен сабақтасып жатады. Республикамыздың білім беру жүйесінде сапалы білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында 2010 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданған болатын.Бұл бағдарламаның биыл бірінші кезеңі аяқталып, 2016 жылдан бастап екінші кезеңі жүзеге асырыла бастайды.Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі-білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру және халықаралық талаптарды ескере отырып, Ұлттық білім статистикасын құру.Осы орайда Ұлттық бірыңғай тестілеу қортындыларының алатын орны ерекше.
Біз мақаламызда оқырман назарын 2014,2015 жылдардағы ҰБТ-да ең жоғары және ең төмен балл алған 100 мектеп кіретін облыстар жөнінде мәліметтерді ұсынбақшымыз.Кестелерде келтірілген мәліметтерді салыстыра келіп,қарапайым оқырман,ата-аналар тіпті оқушылардың өздері де санмен сапаның сәйкестігін сезінеді. Екінші жағынан білім беру жүйесінің қызметкерлерінің жауапкершіліктері артады деп үміттенемін.
ҰБТ-де ең төмен балл алған мектептері бар облыстар тізімі.



Түсініктеме. Ұлттық тестілеу орталығының ғаламтордағы ақпарат көздерінде Республика көлемінде ең төмен және ең жоғары балл алған мектептер жөнінде қажетті мәліметтер толық келтірілген,бірақ біз кестеге әрбір облыс бойынша 100 мектептің тізіміне кіргендерінің санымен ғана шектелмекшіміз.
Республикамыз бойынша ҰБТ-дағы мектеп түлектерінің орташа балдық көрсеткіштері 2014 жылы 76,9 ал 2015-те 79,5 болды. Бұл ілгерілеушілікті бұқаралық ақпарат көздерінде Білім және ғылым министрі мақтанышпен хабарлаған болатын.Дегенмен,сапалық көрсеткішті қамтамасыз ететін орта мектеп,пән мұғалімі және талапты да ,талантты оқушылар екендігі белгілі.

Үш тағанның біреуі әлсіздік танытса,нәтиженің ойдағыдай болмайтыны ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді.Сондықтан ҰБТ-ға қатысқан 5000-ның үстіндегі мектептер арасында,алғашқы жүздіктен көрінгендері, біздің мақтанышымыз,ал көштің соңында қалу,оның қарышты қадамына тұсау болу ешкімге де абырой әкелмейді.Оның себеп-салдарын анықтап,жою жолдарын жүйелі түрде жүзеге асыру керек.

Ең жоғары балл алған 100 мектептің облыстар бойынша үлесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ең төмен балл алған 100 мектептің көрсеткіштері 2014-те 41,86 пен 60,94 аралығында, 2015-те 45,1 мен 63,3 аралығында болды.Ең жоғары балл алған мектептер көрсеткіштері сәйкесінше 94,73-116,92 және 95,64-117,86 аралығында болды. Төмен,орташа,жоғары балл көрсеткіштерінен олардың арасындағы айырмашылықты айқын байқаймыз.
«Мыңнан –тұлпар,жүзден-жүйрік шығады»- демекші дарындыларды осындай додаларда даралап, жетістігімізді жетілдіріп,кемшілігімізді түзетпесек, «Қазақстан-2030» Стратегиялық жоспарды қалай жүзеге асырамыз?
Республикамыздағы білім саясаты аймақтарды алаламай, бірдей деңгейде жүргізілетіндіктен,білім сапасының нәтижелері де аймақтарда бірқалыпты болғаны абзал. Демек 100-ді 16-ға бөлсек, 6-дан тиеді,бірақ аймақтардағы мектептер,оқушылар санына қатысты ауытқулар болуы.Мысалы, екі кестедегі көрсеткіштерде Оңтүстік Қазақстан облысының үлес салмағы басым. Бірақ Атырау облысында білім сапасының өте төмендігі көңілге кірбің ұялатады.Павлодар,Солтүстік Қазақстан,Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы,Астана қалаларының білім бөлімдерінің,мектеп әкімшіліктерінің,педогог қауымының тыңғылықты еңбектері айқын көрініп тұр.Дегенмен бәйге болғасын біреу алда, біреулер артта болады,бірақ қандай жағдайлар болмасын, объективті-субъективті себеп-салдары болса да білім стандарты талаптары орындалуы қажет.Сондықтан мақаланың түйінін де Ы.Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өздерін кінәлауға тиіс» деген өсиетімен аяқтамақшымын.


Мұстафаев Әбдіқади Пірмағамбетұлы, математика ғылымдарының кандидаты.,доцент, «Өрлеу» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық технологиялар және ғылыми –жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста