Оқушылардың назарын бейнефильмге аудару Мұқият көрулерін өтіну. 1 – тапсырма: «Бір минуттық әңгіме» әдісімен Көрген бейнефильмнен түсінген ойларын 3-4 сөйлеммен жазады Бағалау критерийі:«Бір минуттық әңгіме» әдісімен шағын мәтін жазады. Дескриптор: Бейнефильмді түсініп, ойларын нақты жазады. -Бүгінгі тақырып шетте жүрген қандас бауырларымыз туралы болмақшы.Оразақын Асқадың «Шетте жүрген бауырларға» атты өлеңімен таныс боламыз. Бір оқушы өлеңді мәнерлеп,дауыстап оқып шығады. Өлең мазмұнын қысқаша 3-4 сөйлеммен айтып өту. Тірек сөздерге тоқталып өту Атажұрт Атақ-даңқ Қармақ Тер төгу Әнұран Мемлекет 2-Топтық жұмыс: 1-топ «Төрт сөйлем» әдісі «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» мақалының мағынасын ашады 2-топ РАФТ әдісі Шетте жүрген қандастарға үндеу жазады 3- «Төрт сөйлем» әдісі Ақынның қандастарымызды елге шақырудағы мақсат-мүддесі қандай екендігін жазады. 4-топ РАФТ әдісі. «Әр қазақ менің жалғызым» тақырыбына 2-шумақ өлең құрастырады. Бағалау критерийі: Шығармадағы өзекті мәселелерді анықтайды. Талдау жасай отырып ойларын нақты жеткізеді. Дескриптор: Тапсырманы нақты орындайды. Өлең,үндеу жазады 3-Жағдаяттық тапсырма Шетелде оқып жүрген ,шетелдік азаматтығы бар қазақ бауырымызды Атажұртқа қалай шақырар едіңдер? Бағалау критерийі: Тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді анықтайды. Дескриптор: Тілдік мәдениетті сақтай отырып, ойларын дәлелді жеткізе алады. |