Ел мен Елбасы арасын жақындастырған шешімдер қандай еді?!

Ел мен Елбасы арасын жақындастырған шешімдер қандай еді?!

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергі қазақ бала­сы­ның бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты – толық­қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойым­дағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын».
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Қазақ үшін Тәуелсіздікке жету қандай қиын болса, оның іргесін сақтап, нығайту жолында да қаншама қиындықтар кездескені біз тәрізді бүгінгі ұрпаққа ұлы тарихтан мәлім. Халықты қиындықтан, дағдарыстан алып шығып, егеменді Қазақ елінің іргетасын нықтай түсуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Оның көрегендігін, маңызды сағаттардағы тапқыр­лы­ғын, даулы сәттердегі төрелігін қазірде әлем жұрт­шы­лығы мойындауда. Абзалында, еліміздің ертеңі, ірге­міздің мығымдығы, қазақ мүддесінің еңсе тіктеуі жайын­да сөз еткенде, Ел мен Елбасы көзқарасы үндесіп жатқанын отандық сарапшылар, белді-белді ғалымдар, зиялы қауым өкілдері де жиі қаузайды. Бұл жайында біраз зиялы қауым «алғаш Тәуелсіздік алған тұстағы Елбасының қазақ мүддесіне қатысты шешім­дерде табандылық танытуы, ел тағдырына қатысты жайттарда қайраттылық көрсетуі Халық пен Елбасы арасын жақындастыра түсті. Сондай көрегенді шешім­дердің арқасында қазақтың іргесі күннен-күнге нығайып Қазақ елі мызғымас күшке айналды» дейді.
Жалпы, халық азаматтары Елбасының ел үшін қабылдаған шешімдерінің бірі де бірегейі, қазақтың тілінің мемлекеттік тіл ретінде тұғырға көтерілуіне қатысты екенін бүгінде басымдық беріп жиі айтып жүр. Бұл жөнінде профессор, академик Сұлтан САРТАЕВ:
– Кейбір депутаттарға  егемен­дікті жария еткен құжатты қабыл­дау барысында  «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «Қазақ ұлты тағды­рының жауапкершілігін сезіне оты­рып» деп келетін тұжырым­дар ұнамады. Бұған әсіресе «қызыл» коммунистер қатты  қарсылық көрсетті. Қазақ елінің болашағы үшін мемлекеттік тіл туралы аса маңызды құ­жатты қабылдауды кейінге ысыра бергенді жөн көргендер де болды. Бірақ Елбасы осы тұста мемлекеттік тілдің қазақ тілі болуына айрықша күш салды. Міне, содан бері қазақ тілі  мемлекеттік тіл ретінде өзіндік тұғырында тұр, – деді.
... Рас, қайта құру кезеңінде қос тілділік саясатының болғанын қалағандар баршылық еді. «Қос тіл – қос қанатың» деген жалған ұранмен олар тіпті орыс тілінің де мемлекеттік тіл болуын қалады және соған орай жалаулатқан біршама ресми құжат та қабылданды. Алайда мұндай қаулылардың бойынан орыс тіліне деген іштартушылық анық сезіліп тұрды. Елбасы осы сәтте ұтымды шешім қабылдап, бір ғана қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тұғырға шығарды. «Қазақ­стан­да мемлекеттік тіл екеу болсын» дегендердің мысын басу үшін ол кездері біраз ұлтжанды зиялы қауым өкілдері де Елбасыға үн қосып, «айыр тілділік жыланға ғана тән» деп қызбаланып та жатты.
Осындай халық тағдыры сы­нал­ған сәтте Нұрсұлтан Назарбаев табанды шешім қабылдап, күні бүгінге дейін қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты шаралар­ды қолдап-қолпаштап келеді.
...Ендігі бір қазақтың атын ай­дай әл­ем­ге танытып, баршаны дүр сілкіндірген Ел­басы шешім­дерінің бірі – бұл Тәуелсіз Қа­зақстанның яд­ролық қарудан бас тар­туы­мен тығыз байланысты еді. Тәуелсіздік алар тұста, 1991 жылы тамыз айында Пре­зидент Н.На­зарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» тарихи Жарлық­қа қол қойды. Осылайша Қазақ елі бүгінгі жә­не болашақ ұрпағының алдына үлкен жауапкершілікті сезінген өнеге көрсете білді. Бұл ретте, саясаттану ғылымының кандидаты, Марал ТӨР­ТЕ­НОВА былай дейді:
– Қазақстан жаңа әлемге — яд­ролық қару­дан азат әлемге әзірленген еді. Қа­зақстан әлемдегі төртінші ядролық арсе­налдан өз еркімен бас тарта отырып, ядро­лық қатерді жою­дың табанды жақтаушысы бо­лып қала берді. Бүгінде ядролық қаруды тарат­пау және қарусыздану мәсе­лелерінде Нұрсұлтан Назар­баевтың және Қазақ­стан­ның көш­басшылығын халық­ара­лық қа­уым­дас­тық мойындайды да, ер­ек­ше құр­меттейді де.
...Тағы бір айрықша астар беруі тиіс дүние бұл – Қазақ елінің тәуелсіздігін ны­ғайта түсу мақсатында Елбасының Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясын құру идеясының өмірге келгендігі. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңа­дан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Бұл жайында отандық са­рапшыларымыздың дені: «Қазіргі он жеті жылдық тарихында Ассамблея қар­қын­ды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында этно­саралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жыл­дарда өзін қазақтың бел бала­сымын деп сезінетін өзге ұлт өкілдері ба­сым­дық бере бастады. Ассамблея құру Ел­басының ұт­қыр идеясы болды», – деген-ді.
...Негізінде, алғаш тәуелсіздік алған тұстардағы ұтымды шешімдер қазірде нәтижесін бере бастағаны хақ. Мәселен, 1993 жылы ел Президентінің Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құ­рылған болатын. Бағдарламаның пайда болуы да уақыт талабына сай келді. 1994 жылдан бастап, 2004 жылдары «Бола­шақ» бағдарламасы шеңберінде 700 сти­пен­диат әлемнің 13 елінде білім алды. Қазірде «Болашақ» халықаралық стипен­диясы та­быс­ты өсудің және оның түлектерінің мем­лекетке кәсіби тұрғыда пайдасын тигізуінің өзіндік кепілі бола алды.
Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, экономист-сарапшы:
– Индустриялық-инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпарат­тық технологиялар, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын реформа­лау және басқа саладағы мамандар қажеттілігі үнемі артып отыру үшін мұн­дай бағдарлама бізге қажет болды. Мемлекет басшысының «Болашақ» ха­лықаралық стипендиясы дер кезінде тетікке қосылды. Қазірде бұл бағдар­лама бойынша ғылыми және педагог қызметкерлерге, ауыл жастарына, мем­лекеттік қызметкерлерге арнайы квоталар енгізілді. Бағдарлама шең­берінде алынатын білім сапасын арт­тыру мақсатында шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми ор­талықтары мен зертханаларының тізімі қысқартылуда. Болашақта оған әлемдік рейтингте жетекші орын­дарда тұрған үздік университеттер ғана кіре­тін болады. Бұл бағдарлама қазақтың саналы, сауатты жаста­ры­ның көбеюуі­не мұрындық болғаны сөзсіз.

Тағы бір басымдық беріп айтар дүние – қазірде Қазақ елі өзінің Тұңғыш Прези­дентінің сарабдал саясатының арқасында күллі дін өкілдерін бір орталыққа жинап, үнқатысуға, татулыққа шақыруда. Елба­сының бастамасымен бірнеше мәрте әл­ем­дік дінбасылардың съезінің өтуі – соның кепілі. Бұл жөнінде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезінде Израильдің сефрад раввині Шломо Амар дінаралық татулық қауіпсіздік кепілі екеніне тоқтала келе: «Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев халықтармен қатар, діннің, мәдениеттің, қоғамның ба­сын қосқан «жаңа Біріккен Ұлттар Ұйы­мын құрды», – деген еді.
Міне, осындай салиқалы саясаттың арқасында бүгінде Қазақ елін тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауым­дастыққа лайықты түрде қосылуға ұмты­ла­тынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді. 1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады. Бүгінде соңғы жеті жылда Білім және денсаулық саласын қаржыландыру 10 есеге дейін өскен. Жалпы, ішкі өнім көлемі де жыл сайын артып келеді. «Ендеше, ұлттық қорымыз толыға түсіп, болашақта халқымыздың әл-ауқаты жақсара түссін десек, Мемлекет басшысының саясатын үнемі електен өткізіп, қолдау көрсеткеніміз абзал», – дейді біздің сарапшылар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста