Тәлімгерлік мектептің берері мол

Тәлімгерлік мектептің берері мол

Жаңа қызметке тұрған мамандарға жол көрсетіп, қолтығынан демеудің пайдасы зор. Бұрын тәжірибелі мамандардан ұстаз тағайындалып, маманның қателігіне сол жауап¬ты болатын. Осындай тәлімгерлік мектептер қазір қайта қолға алынып жатыр.
Соңғы кезде қоғамда нәтижелілікті арттырудың маңызды элементі және кәсіптілікті дамытуға мүмкіндік туғызатын әдіс ретінде тәлімгерлікке көп көңіл бөлінеді. Ол тәлімгер мен мемлекеттік орган ұжымының жас маманды жүйелі тәрбиелеу жұмысына негізделген.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына сәйкес, тәлімгер – мемлекеттік қыз- метке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметші- ге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші. Тәлімгерлік жұмысын жүйелі жүргізу мақсатында мемлекеттік ор- ганда тәлімгерлер резерві құрылады. Оған мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, жоғары кәсіби қаси- еттерге ие, тәрбие жұмысына бейімділігі және ұжымда беделі бар, сондай-ақ, тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік қызметшілер іріктеледі. Яғни, мемлекеттік қызметте тәлімгер болу абыройлы, беделді іс. Оның мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан тұлғаның әрі қарай қыз- метте кәсіби қалыптасуының кепілі деп айта аламыз.
Атап айтқанда, тәлімгер қызметшіге таңдаған мамандығын игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді. Тәлімгерге қойы-латын басты міндет – жас мемлекеттік қызметшінің бойында адамгершілік, жауапкершілік, бастамашылық, тәртіптілік, кәсіби шеберлік сияқты қасиеттерді қалып- тастыру. Бүгінгі күні Ақмола облысының мемлекеттік органдарында 392 мемлекеттік қызметші тәлімгерлер резервінде тұр. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжыл-дығында 222 жас мемлекеттік қызметші тәлімгер-лікпен қамтылды.

Б.БЕСПАЛИНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста