Мемлекеттік қызметкерге қойлатын басты талап – адалдық

Мемлекеттік қызметкерге қойлатын басты талап – адалдық

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамында» Қазақстанның алдағы уақытта даму жолдарының басым бағыттары көрсетілген. Онда мемлекеттік қызметкерлерге қандай жауапкершіліктер жүктеліп отыр. Өйткені мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы.
Ең алдымен бұл бағдарламаның алғашқы бөлімі және ондағы 15 қадам кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп отыр. Бұл бүгінгі таңда аса маңызды мәселелердің бірі болғандықтан басты назар мемлекеттік қызметтің сапасына көңіл бөлуді қажет етеді.
Оның ең бастысы алдағы 2016 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның қабылданатынын атап көрсетуге болады. Яғни мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жаңғыртылып, барлық мемлекеттік қызметшінің төменнен жоғарыға мансаптық өсуі қамтамасыз етілетін болады. Ал, нәтижелі жұмыс қызметтік жоғарылаудың кепілі екені даусыз.
Халыққа қызмет етуді міндет қылып жүктелген мемлекеттік қызметшілер өз кезегінде жаңа этикалық ережелерді басшылыққа алып, олардың арасында қазіргі таңда қоғамда орын алған сыбайлас жемқорлыққа төтеп бере алатындай иммунитет қалыптастыратын боламыз. Ал адалдық, әділдіктің принциптерін ұстану барлық мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершіліктің ең басты қағидаттары болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы алғаш мемлекеттік қызметке орналасқан азаматтарды 3 апталық мерзімде 120 академиялық сағат оқыту курстарын өткізіп, 6 бағыттағы тақырыпты қамтыса, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілінің әр 3 жылында біліктілігін арттыру курстарына қатысу арқылы 1 апталық мерзімде 40 тақырыпты қамтиды.
Мемлекеттік қызметтің «А» корпусына резервке өту үшін арнайы Ұлттық комиссияның шешімімен жүзеге асырылатын болса, «Б» корпусына өту үшін үміткер азамат бірқатар талаптарды ескере отырып, яғни жасы кәмелетке толған, Қазақстан Республикасының азаматы және орта арнаулы немесе жоғары білімі болуы тиіс. Мамандығына сәйкес келетін мемлекеттік мекемені таңдай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына негізделген тестілеудің шекті мәнінен жоғары балл жинап, алған сертификатымен бір жыл мерзім ішінде бос лауазым орнынан жарияланған конкурсқа құжаттарын тапсырып, әңгімелесуге қатысуға толық мүмкіндігі бар. Сәйкесінше, комиссия сол қызметке лайықты деп танылған азамат жұмысқа кедергісіз қабылданатын болады.
Мемлекеттік қызметшінің ұстанатын ұстанымы мен бойындағы қасиеті төмендегідей болу керек. Біріншіден, мемлекеттік бос лауазым орнынан кандидаттар бекітілген біліктілік талаптарына сай келуі тиіс. Мемлекеттік қызметтің әр санатына тиісінше өзіндік талаптары бар. Мәселен, ауылдық, аудандық және қалалық әкімдіктердің бас маманы қызметіне орта арнаулы немесе жоғары білімі бар азаматтар, ал облыстық деңгейдегі басқарманың бас маманы қызметіне орта арнаулы білімі бар және мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес немесе жоғары білімі бар (жұмыс өтілінің қажеті жоқ) азаматтар конкурсқа қатысуға толық мүмкіндігі бар. Өсуге талпынған, өз білімі мен күш-жігерін ел дамуына арнаймын деген жастарға толық мүмкіндік бар.
Кез келген мемлекеттік қызметші халықтың көз алдында жүрген соң, түрлі сынға ұшырайтыны анық. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, ең алдымен адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, мемлекеттік қызметкердің ойында жеке мүддесі емес, ең алдымен елдің мүддесі тұруы шарт. Бұл жүктелген міндет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста