Тарбағатайдың бір құпиясы ашылды

Тарбағатайдың бір құпиясы ашылды

Тарбағатай- еліміздің көне дәуірдегі тарихына қатысты талай сырды қойнауына ұялатқан қастерлі ұясы. Құлыптаулы құпиясының құндылығын сыртқа шығаруды көздеген археологтер қазба жұмыстарын жүргізіп, қазақ даласының сан түрлі қазынасы барына көп жылдан бері көз жеткізіп келеді.
Мәселен, 2012 жылдың қыркүйек айында Тарба­ға­тай ауданы жеріндегі Әмірсана қоңтайшы қамалы­ның орны анықталып, зерттелді. Жалпы, шы­ғыс­тың әртүрлі өңірлерінен жоңғар кезеңінің жәдігер­лері табылып қалып жатады. Соның бірі – 1952 жылы Шыңғыстауда табылған будда жәдігері. Моңғолдық атаулар біздің жерімізде түріктік атаулармен қабат­та­сып келіп отыратын жер атауларының негізін құрайды. Ал үстіміздегі жылдың мамыр айында Семей педаг­о­гика­лық институтының Манаш Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығы жетекші маманы Мұхаметбек Асылбеков және Семей мемлекеттік медицина университетінің аға оқытушысы Ғалымбек Базарбеков арнайы барып Тарбағатай сілеміндегі Долаңғара тауының ішіндегі тік жартастағы белгісіз жазуды тауып, суретке түсіріп қайтты. Бұл жазу осы уақытқа дейін ғылыми ортаға белгісіз болып келген.
Осы тұста сәл шегініс жасап айтар болсақ, бірнеше жыл бұрын орталық директоры Мұхтарбек Кәрімовке осы тауда мал бағатын Мұрат Рамазанов деген азамат тасқа қашалған ерекше таңбалар көргендігін айтқан екен. Алайда ол адамның дүниеден озуына бай­ланысты тастағы таңбаны іздеу кейінге қалдырылыпты. Бірақ көп ұзамай бұл қызықты көзбен көрген куәгердің тағы бірі табылды.
Долаңғараның күнгейіндегі Үштөбе ауылында тұратын Шыңғыс Қасымханов қыс ішінде әлгі жазуы бар жартасты білетін адамды тапқаны туралы ғылыми орта­лыққа хабар берді. Мамыр айының басын­да жазуды іздеп жолға шыққан М.Асыл­беков пен Ғ.Базарбеков сол жерде мал бағатын Нұрлан Жұмағазыұлының көрсе­туі­мен жартастағы жазуды сурет­ке түсіреді.
Долаңғараның қара тасына түзу тізілген әдемі таңбалар анадайдан ап-айқын болып көрінеді. Адам аяғы аз баратындық­тан, жартастың тік беткейінде қазіргі заман­ның жазу-шимайлары да жоқ. Сол қалпында сақталған. Зерттеуші мамандар күткендей, бұл көне түрік, ұйғыр, қалмақ­тың төте жазуларына да ұқсамай­тын бо­лып шықты. Таңбалардың санскрит жазу­ла­ры қатарына жататыны анық еді.
М.Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми орталығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл жазулар табылмай тұрып-ақ, оның кімдердің мұрасы екендігі жөнінде  орта­лық­та қызу талқыланып, алдымен қалмақ­тардың ұлы ғұламасы Зая Пандитаның бұл жазуларды қалдыруы мүмкін деген бол­жам жасалынды. Себебі «Зая Пандитаның ғұмырнамалық деректері» деген Ш.Нор­боның кітабында будда ғұламасының 1642 жылы күзде Очирту Цэцэн ханның Боғас өзені бойындағы қыстауына келіп, осындағы үлкен будда монастрында қыстап шыққандығы жайында жазылған. Яғни өзінің шәкірт ламаларымен келген ғалым белгі қалдыруы әбден мүмкін.
Өкпеті тауынан бастау алып Зайсан көліне құятын Боғас өзенінің ұзындығы – 90 шақырым. Мұның 50 шақырымы қысы қатты болатын жазықпен ағады. Сонда Боғас өзенінің Долаңғара тауын бойлай ағатын 20-25 шақырымы ғана адам тұруға және мал қыстатуға қолайлы. Жартастағы ескерткіш жазу будда ғұламасы Зая Панди­таның болған жерлері мен жоңғар тайжы­сы Очиртудың  нақты қыстама орын­да­рын анықтауға  мүмкіндік береді.
Жақында жартастағы таңбаларды әр­түр­лі көне жазулармен салыстыра отырып, орталық маманы М.Асылбеков бұл таңбалардың будда мантраларының бірі екендігін анықтады. Жазу санскрит жазула­рының бір түріне жатады. «Ом мани падме хум» деп оқылатын, тура аудармасы «Лотос гүлінде жарқыраған інжу-маржан» деген мағына береді. Долаңғара жазуының санскритке жататыны және мантра екенді­гін растаған анықтамасын Қалмақ Респу­б­ли­касының (РФ) Элистадағы Тарих инс­ти­ту­тының жетекші ғылыми маманы, тарих ғылымының докторы, профессор Эльза Петровна Бакаева жіберді.
Ежелгі түрік жерлері, еліміздің Алтай, Тарбағатай өңірлерінің және Ертіс бойы­ның, сол сияқты Жетісудың тарихында ойрат­тық немесе жоңғарлық кезеңінің болғаны тарихи шындық. Сондықтан да Қазақ елінің қилы тарихындағы Жоңғария­мен тікелей байланысты кезеңін жалпы тарихымыздан бөліп қарауға болмайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың: «Егер ақиқаттың аясында болғымыз келсе, онда қазақтың өткені мен бүгіні туралы тым жалпақшешейліктің де, тым томағай-тұйықтылық та керек емес» деген сөзі тарих қойнауынан әр кезде шындықты іздеуге жетелейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста