Имантаудай тұнық етіп иман бер!

Имантаудай тұнық етіп иман бер!

Елімізде аты да, заты да сұлу жерлер өте көп. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Имантау. Аты айтып тұрғандай, мұнда табан тіреген сәттен ерекше тыныштық пен тазалықты, пәктік пен имандылықты сезінгендей боласың. Жердің мыңдаған жылдар бұрынғы келбетін көргендей боласыз. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерде де тау мен көлдің атауы асыл дінімізден бастау алатыны айтылады.
Ертеде бір батыр құла белге, айдынды шалқар көлге кездесіп, көп қарап тұрыпты. Кезінде талай ел кезіп, небір сұлу жерлерді көрген батыр көз алдындағы кереметке таңғалып, атынан түсіп, көк майсаны жайнамаз етіп намазға жығылған екен. Бұл оқиға жайлы ел аузындағы жыр-дастанға өзінің шығар­масында жазушы Сәуірбек Бақбергенов те тоқталады:
– Намазым көптен қаза еді,
Кезінде көп кесапат істегенмін,
Оның бәрі кешірілмес жаза еді.
Ықыласым түсті, ниетім ауды,
Мына жер неткен таза еді!
Аса етемін ақ қайыңды жонып ап,
Қоныс етем жайлауыңа қонып ап.
Төсек еттім жеріңді,
Кәусар еттім көліңді,
Мекен еттім шөліңді,
Осы таудай асқар етіп ар берші,
Осы күндей таза етіп жар берші.
Мына таудай маңғаз етіп жұрт бер,
Мына көлдей шалқар етіп мұрат бер,
Мына көлдей терең етіп дәулет бер.
Мына таудай әсем етіп сәулет бер.
Осы таудай биік етіп ұждан бер,
Осы көлдей тұнық етіп иман бер,
– деп өзінің дұға-тілегін айтқан екен. Бұл жердің ұрпақтары әлгі қара шалдан бата алған деседі. Содан бері қарай бұл сұлу аймақтағы тау мен көл «Имантау» деген атауға ие болған екен.
Имантау тауы аса биіктігімен ерек­шеленбейді, ең биік нүктесі – Имантау көлі­нен оңтүстік-батысқа қарай екі шақы­рым жерде. Теңіз деңгейінен 661 метр биіктіктегі шыңы Қазантау деп аталады. Ал тау тегіс қарағай ағашымен әсем көмке­рілген.
Бұл жердегі көлдің де атауы – Имантау. Аумағы 49 шаршы шақырым, ұзындығы  13,1 шақырым, ені 4,8 шақырымға жетеді. Орташа тереңдігі 5,7 метр, ал ең терең жері 10 метрдей болады.
Су жиналатын алабы 483 мың шар­шы шақырым. Көлдің оңтүстік жағалауында қарағай, қайың аралас орман өседі. Оңтүстік-батыс жағасы биік, тік жарлы. Басқа жағалары жайпақ. Көлдің солтүстік-батыс бөлігін көлге сұғына енген мүйіс оқшаулайды. Түбі оңтүстік-шығысында тастақ, солтүстігінде сазды-құмды, қалған  бөлігінде лай-батпақты. Көл жағалауында қоға аралас қамыс қопасы өседі. Суы гидрокарбонатты, минералдану мөлшері 780-840 мг/л. Көлге бірнеше жылға келіп құяды.
Бұл көлдің тағы бір ерекшелігі және жұртты қызықтыратыны – оның ортасын­дағы шағын арал. Арал бұл жердегі сирек кездесетін қазақ аршасын жамылған, ол аралдың жағалауында өсіп, ғажайып күй береді. Аралда кәдімгі қарағай, сүйелді қайың, итмұрын, шие, таңқурай секілді жасыл желектің сан түрі өседі. Өсімдік дүниесінен құлпынай, бүлдірген, әртүрлі дәрілік өсімдіктер де жайқалып тұрады. Жануарлар әлемінен рептилиялар – сарыбас жылан, улы сұр жыландар көптеп кездеседі.
Таңғажайып табиғатты аймақтан қысы-жазы туристердің аяғы бір сәтке де үзілген емес. Соңғы жылдары жергілікті кәсіп­керлер Имантауда этнотуризмді дамытуды қолға алуда. Киіз үйлер тігіліп, шетел­дік­терге бұрынғы қазақтың тұр­мыс-тіршілігін, салт-дәстүрін көрсету қолға алынуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста