Жетісудің жартасқа салынған суреттері

Жетісудің жартасқа салынған суреттері

Қола дәуірінің петроглифтері.

Жыл сайын петроглифтерді зерттеу бойынша жасағы Жетісуда суреттердің жаңа жинақтарын тауып алады. Бұл аймақ жартасқа салынған өнердің аса қаныққан ескерткіші болып табылады.

Осы жерде қола дәуіріндегі петроглифтер негізгі бөлігін құрайды. Осы топта Қазақстан ежелгі тұрғындарының байырғы тіл діні және мифологиялық ұғымдармен байланысты, ақпаратты және қызықты суреттер бар. Олардың арасында жасанған кейіпкер, аң (қақсыр) маскасын киген адамдардың суреті, алғашқы билерлің суреті, күнбасты кейіпкерлер мен екі аяқты күйме арбаның суреті бар діни сюжеттер.

Тамғалы шатқалы, Күлжабасы, Ешкі-Өлмес және Баянжүрек тауларындағы суреттер тарих үшін аса жарқын болып табылады. Тамғалыдағы суреттер және, Ақ-Қайнар жеріндегі құрып кеткен жабай бұқалардың мүсіні аса қызықтыларға жатқызуға болады. Олардың кейбіреуі үш метрден ұзын. Ақ-Қайнар шатқалында қасқыр маскадағы ерлердің мүсіндері және артқы аяқта тұрған қасқырлардың суреттері бар. Сол жерде осы бұқаның мүйізінде би қалпындағы адамдар мүсіндері бар.
Ешкі-Өлмес тауындағы жартаста жүз шақты ежелгі екі аяқты күйме арба, жануарларды құрбан шалған сахнасы соғып жасалынған. Осы петроглифтер біздің заманызғадейін екінші мыңжылдықта соғып жасалынған. Ол туралы ескі екі аяқты күйме арба, қару түрлері (балта, шоқпар) және тау бөктерінде орналасқан қола дәуірінің ежелгі қоныстануы айта алады.

Алматы қ. батысқа қарай 240 шақырымда Күлжабасы тауында археологтар тапқан петроглифтер ең ежелгі, ал біздің заманызға дейін екінші мыңжылдықтың соңында, қола дәуірі шамасында Ешкі-Өлмес тауындағы суреттер ең кейінгі болып табылады.

Құнарлық табынушылықпен байланысты еркек жынысы суреті бар Батыс Қазақстандағы суреттерді кейінгіге жатқызуға болады. Осы дәуірдегі суреттер сюжеттердің алуан түрлілігімен ерекшеленді: олардың арасында соғыс көріністер, суреттер, қару-жарақтар, эротикалық көрінісітер.
Суреттердің аса ірі жиынтығы ежелде мекенделген ашық аспандағы ордада орналасқан.

Ерте темір дәуірдегі петроглифтер.

Осы дәуірдегі суреттер біздің заманымызға дейін бірінші мыңжылдықтың басында пайда болды. Қола дәуірінің суреттерімен салыстырғанда, олар өте көп, бірақ үлкен айқындықпен ерекшеленді.
Осы суреттердің бір бөлігі көшпенді-сақ тайпаларымен орындалды және басқа ежелгі суреттер арасында орналасқан, бірақ кейбір сақ ордалары ашық аспандағы бөлек «ғибадатхананы» құрайды.
Олардың арасындағы әйгілі суреттердің бірі Өсек өзенінің бойындағы Қойтас шатқалында «аң" стилінде орындалған суреттер. Олардың арасында ежелгі суреттер жоқ. Арқар және ешкілердің үлкен емес суреттердің қасында бөлек ірі таста соғылып жасалған жеті қабанның стильденген мүсіндерін солардың санына жатқызуға болады. Сол жерде үлкен тастарла биіктігі 2–3 метрден 7–10 метрге дейін ежелгі морена қойтастарында марал, арқар, ешкілердің суреттері ойып салынған. Олардың көбі сұлба ретінде орындалған. Мүсіндердің бір бөлігі өзгеше оюмен — марал мен ешкілер жамбастарындағы шырмауығы, тор түріндегі зерімен ерекшеленеді.

Сақ суреттерінің басқа жиынтықтары қола дәуіріндегі ежелгі петроглифтердің қасында орналасқан. Бұндай петроглифтер Ешкі-Өлмес тауларында әйгілі. Кей уақытта олар ежелгі суреттердің бейнелеу қатарын жалғастырады, бірақ көбінесе бос тақта орналасқан. Ешкі-Өлместе бұл стильденген қырандар, аяқтары бүктелген маралдардыі суреттері, ешкі немесе марал және арқарлардың жыртқыштардың жұлқылау көріністері.

Қасқырлардың тұяқты жануарларды жұлқылау көрінісі бар анық сюжеттер. Осы ескерткіштегі суреттердің көп бөлігі «аң" стиліндегі эволюцияны көруге мүмкіндік береді.

«Аң" стилінің пайда болуы мен дамуы туралы мамандардың жұмыстары көп, бірақ оный пайда болған орны туралы сұрағы шешілмеген.

Аң стилі диқаншылар арасында емес, көшпенділер арасында пайда болды деп есептеу керек, себебі көшпенділер әдеттерді жақсы білген және жабай, аңдарды нақты сипаттай алған (Кореняко В. А.). Мамандардың бір бөлігі өзіндік өнер азиялық мәдениет әсерінен пайда болды деп есептейді.
Тасқа салынған суреттер петроглифте толық, жақсы бейнеленгендіктен, «аң" стилінің қалыптасу тарихын зерттеуіне көмектеседі.

Марьяшев А.Н., т.ғ.д., А. Х. Марғұлан ат. археология институты

e-history.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста