Ұлы даланың иесі де, киесі де көшпенділер

Ұлы даланың иесі де, киесі де көшпенділер

 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде жазылғандай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Дүниежүзіндегі 4 мыңға жуық этникалық топтар мемлекеттілігі бар және мемлекеттілігі жоқ деп екіге бөлінсе, соның ішінде қазақтар мемлекеттілігі бар топтың алдыңғы қатарынан орын алады.

«Ұлы Даладағы көшпелі өмір – салт әрі қарай шыңдауға болмайтын биікке көтерілген»
Л.Н.Гумилев

Тәуелсіздік жылдарында «Қазақтың ауызша тарихын» терең зерттеген Ақселеу Сейдімбек: «табиғатпен санасуды өмір сүрудің кепіліне айналдырған көшпелілердің әлеуметтік өмірі ұдайы қатал сұрыптаулардан өтіп отырғанын, нәтижесінде соңғы екі-үш мың жыл аясында Қазақ даласынан жиырмаға тарта мемлекеттік жаралымның бой көтергенін» айта келіп, «Сақ, Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түркі, Ұйғыр, Қырғыз, Хазар, Бұлғар, Ауар, Түркеш, Қарлық, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, Салжұқ, Керей, Найман, Моғол, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы сияқты дәулет, ұлыс, қағанат, ел, хандық, сұлтандық, орда, әулет деп аталған мемлекеттік жаралымдар Қазақ даласындағы этносаяси, этноәлеуметтік және этномәдени үдерістердің мыңдаған жылдарға созылған сабақтас тарихын құрағанын» шежірелік деректермен негіздеп берді. Сонымен бірге қазақ халқының тарихы ең алдымен рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы ғана түсіндірілетінін, ал Қазақ хандығының (мемлекеттігінің) тарихы рулар мен тайпалардың өзара кірігуі барысында қалыптасқан ішкі және сыртқы саяси-әлеуметтік үдерістердің нәтижесі болып шығатынын» айтып та, жазып та кетті.
Мамандардың тұжырымдауынша, қа¬зақтың ру-тайпалар тарихы көне дәуірден Түркі қағанатына дейінгі кезең; Шыңғыс хан тұсындағы кезең; Алтын Орда кезеңі және оның ыдырауынан кейінгі кезең; Қазақ хандығынан осы заманға дейінгі аралықпен кезеңделеді. Әсіресе Алтын Орда ыдырағанннан кейін түркі тектес халықтар қыпшақ, қыпшақ-ноғай, қыпшақ-қырғыз, оғыз, қарлұқ, шуаш, саха тілдік-этникалық топтарға бөлінген.
Соңғы тарихи зерттеулерде Қазақ мемле¬кеттілігінің алғашқы кезеңдері Сақ конфедера¬циясы (Страбон), Үйсін, Қаңлыдан Оғыз мемлекетіне дейін Протоқазақтық Қимақ, Қыпшақ мемлекеті, одан кейін Моңғол ұлыстары билігі дәуіріндегі қазақ мем¬лекеті, Жошы-Қыпшақ державасы, Ақ Орда мемлекетін қамтиды. Ақордалық кезең Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпа¬ларының шапқыншылығы және Алтын Орда империясының салтанат құруымен аяқталады. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап Ұлы Дала ғана емес, бүкіл Шығыс барлық саладан алғанда Батыстан артта қала бастады.
Қазақ хандығының құрылуы мен отарлау кезеңіндегі қазақ мемлекеті, ал оның соңғы тәуелсіздік кезеңі мемлекеттік өркендеудің жаңа белесі ретінде көрініс тапқан. Осы уақыт кеңістігінде қазақ халқы үш мың жылға жуық тарихы бар көшпелі өркениеттегі бай рухани және мәдени мұраны өзіне мирас етті.
Л.Н.Гумилевтің пайымдауынша, «бұл континент тарихқа белгілі уақытта үш мәрте біріккен. Бастапқыда оны Сары теңізден Қара теңізге дейінгі жерді қамтыған қағанат құрған түркілер біріктірді. Сібірден келген моңғолдар түркілердің орнын басты. Сонан соң толық ыдырау мен дезинтеграция кезеңінен кейін бастаманы Ресей өз қолына алды… Жаңа держава осылайша «Түркі қағанаты» мен «Моңғол ұлысының» «мұрагері» ретінде көрінді».
Ал Шыңғыс хан тұсында моңғолдар түріктене бастады, тарих сахнасына түркі-моң¬ғол халқы шықты. Шыңғыс хан империя¬сы¬ның құрамындағы Дешті Қыпшақ жерінде құрылған Алтын Орда мемлекеті – түркі халықтары тарихындағы шарықтау кезең болып саналады.
Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық бөлігі, Балтық теңізінің шығысын¬дағы өлкелер… Булгария, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді. Бату хан Мәскеу, Киев, Краков, Буда¬пешт қалаларын алып, Орталық Еуропа, Түркия, Авст¬рия, Чехия, Словакия жерін бағын¬¬дыр¬ды. Алтын Орда халқы кейіннен қазақ халқы құ¬ра¬мына енген қыпшақ, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен бірге Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақ¬тарынан… славяндардан құралды. Кейбір деректерде Бейбарыс пен Кетбұғаның бір-бірімен қыпшақ тілінде түсініскені туралы айтылады.
Жеті ғасырлық тарихы бар Осман империясы да Шығыс Еуропа мен Кіші Азиядағы қуатты күшке айналды. Ол Еуропада Балкан елдері, Молдавия, Малахия, Армения, Күрдістан, солтүстігінде Месопатамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджаз, Мекке, Медина, Белград, Грузияның батысы, Кипр, Тунис, Алжир, Триполи, Крит, Украинаның бір бөлігін бағындырғаны тарихтан белгілі. Ал оның жер аумағы Еуропа, Азия және Африка құрлығында 8 млн. шаршы метрді құрайтын ұланғайыр жерді алып жатты.
Әлемдік ой-сана тұжырымдарына қара¬саңыз, мемлекеттілік туралы алғашқы қағидалар М.Цицероннан басталады Ал, бұл қағидалардың орнығуы Еуропадағы ағартушылық кезеңге сәйкес келеді. Жалпы еуропалықтардың көпке дейін көшпенділердің өмірінен мақрұм қалғаны баршамызға мәлім.
«Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты іргелі ғылыми зерттеуде жазылғандай, «көшпен¬ділердің мемлекеттілігі туралы еуроцентристік ілімнің қайнары немістің таңдаулы философтары Ф.Гегель, И.Канттың философиялық көзқарасында жатыр. Олар көшпенді мал шаруашылығының табиғатын, динамикасын түсіне алмады. Көшпенділерді «малымен бірге өріп, бірге жусап күнелтіп, ат жалында жүрген жаугершілер» деп таныған олар көшпенділерді адамзат өркениетінің тарихқа дейінгі ІІ кезеңіне жатқызады да «Көшпенділер мемлекет деңгейіне көтеріле қоймаған жұрт, олар тек өркениетке жетілген еуропалықтардың ықпалында немесе отырықшы мәдениетпен ұштасқанда ғана мемлекет деңгейіне көтеріле алады» деген қорытынды жасалады. Бұл іс жүзінде еуропалықтардың Азияны отарлау саясатының идеологиясы болды.
Ал Шыңғыс хан құрған нағыз көшпенді империя Еуразия кеңістігінде шыңдалып, сыннан өткен мемлекеттік бірнеше құрылымдарды қалдырып, 240 жыл салтанат құрғанын ескерсек, мемлекеттік жайлы еуроцентристік қағи¬даның өміршең еместігіне көз жеткізе алатын сияқтымыз».
Жалпыұлттық кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин тарихшыларға мемлекеттік маңызы бар осындай күрделі тақырыптарды қайта зерделеу қажеттігін атап өтті. Ол «Қазақ¬станның қазіргі аумағы негізінен қазақ этносын қалыптастырған тайпалардың таралу аумағына сәйкес келетінін алға тартып, ол тайпалардың XV ғасырда аяқастынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс, өкінішке орай, ол жеткілікті деңгейде зерттелмегенін» тағы айтты.
«Ғалымдарымыз әлі күнге дейін көне түр¬кілік Дешті Қыпшақ даласындағы ертедегі мем¬лекеттік құрылымдардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы сияқты тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастырған жоқ.
Бұл құрылымдардың қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түркілік) антропологиялық тип пен арғы түркілік тілдік топты қалыптастырудағы рөлі қандай?
Олардың Қытай, Рим, Кушан империяларымен, Парфиямен және басқалармен өзара қаты¬насының (саяси, экономикалық және мәде¬ни байланыстарының) жүйесі қандай болған?
Сонымен қатар Ұлы Жібек жолының, әсіресе оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің – Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кірігуі мен бірін-бірі байытуына, Орталық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекеттерінің, әсіресе Шығыс елдерінің мәдени-өркениеттік қарым-қатынасына қалайша септескен?» деген сауалдарды ортаға тастады.
Өкінішке орай, қазіргі тарихнамада еуроцентризмнің ықпалымен бір-бірімен кереғар күштер – көшпелілер («варварлар») мен отырықшы халықтар («өркениеттілер») күресумен өткен деген түсінік басым. Алайда уақыт өте келе зерттеушілер мұндай түсініктің дұрыстығына барған сайын көбірек күдік келтіре бастауда.
Түркі-славян өзара байланыстарының тарихы тек қана соғыстардан, әскери жеңістер мен жеңілістерден тұрмайды. Бұл ең алдымен санқырлы сауда, саяси, әскери, мәдени өзара байланыстардың тарихы екендігі естен шығарыла береді».
Белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің сөзімен айтқанда, «көшпенділер мен егіншілік көне замандардан әлемдік бірлікке тартылып отырылды, көшпенді бұл бірлікті «әлемге кіру» деп түсінсе, егіншілер «әлемді өзіне сіңіріп салуға» ұмтылады. Ежелгі көшпендінің «мәңгілік көкке сыйынуы» егіншілерді Көктің ылғал-жауынынан айырып, көшпендінің егіншілерге деген жаулық қатынастарын білдірді». Бір замандардағы осы соғыс пен жаугершілік енді бізге жат болуы тиіс, сонда ғана біз өркениетті елдер қатарына қосыла аламыз.
Дәстүрлі экстенсивті мал шаруашылығының созылмалы дағдарысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында шарықтау шегіне жетті. Жартылай көшпелі экстенсивті мал шаруашылығы ХХ ғасырда экономикалық жағынан тиімсіз болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлттық апатты өндіріс тәсілі болды.
Ұлттық тарихымызды жаңғыртуға байланысты жалпыұлттық кеңесте көтерілген тақы¬рыптарға байланысты мынадай мәселелерге де көңіл аударғанымыз жөн болар еді. Елі¬мізде Қазақ мемлекеттілігін айқындайтын ес¬керткіштердің бірі – Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік монументі», оның ұшар басындағы Сақ жауынгерінің бейнесі көне тарихтан сыр шертеді. Ал Астана қаласындағы «Керей мен Жәнібек хандарға» арналған ескерткіш – хандық биліктің жарқын бір көрінісі. Егер хро¬нологиялық жағынан келсек, бізде осы екеуін сабақтастыратын түркілік дәуір мен Алтын Орда заманынан бірде-бір ескерткіш жоқ. Түркі халықтарына ортақ тотем «Көк бөрі», ол тәңіршілдік пен қаһармандықтың белгісі. Әлекеңдер (Бөкейхан) жаңғыртқан Алаштың сим¬волы. Италиядағы ағайынды Ромул мен Ремді құтқарған Капитолий қасқырын қасиет тұтқан ежелгі римдіктер сияқты, біз неге «Көк бөрі» бейнесін сомдайтын тарихи ескерткіш орнатпаймыз?!
Бүгінде Қазақстан құрамына 4 мемлекет кіретін Түркі кеңесінің мүшесі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, әлемдегі түркі халықтарының ұрпақтары 42 ұлтқа бөлінген. 250 миллионға жуық түркі халықтарының 75 миллионы Түркияда шоғырланған. Дегенмен, Түркі әлемінің көшбасында Қазақстан тұр. Мұның өзі бүгінгі ұрпақты зор мақтаныш сезімге бөлейтіні сөзсіз.

Бүркіт АЯҒАН,
Мемлекет тарихы институтының директоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

anatili.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста