Түркі әлеміне ортақ әдебиет, география және тарих оқулығы жазылды

Түркі әлеміне ортақ әдебиет, география және тарих оқулығы жазылды

Қазақстанда түркітілдес халыққа ортақ әдебиет, география және тарих оқулығы оқытылмақ. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қазба жұмысы кезінде Мемлекет басшысы арнайы телефон шалып құттықтады. Сонымен қатар мемлекеттік кеңесші де жылы лебізін жолдады. Сондай-ақ, алыс-жақын елдерден бауырлар хабарласып, қуанышқа ортақтасып жатыр. Одан бөлек, таяуда ғана түркі әлеміне ортақ әдебиет, география және тарих оқулықтарын жазып біттік. Оған біздің министрліктер қол қойып, бекітілді. Аталған оқулық Әзербайжанда қазірдің өзінде оқытылып жатыр. Енді Қазақстан, Қырғызстан және Түркияда ол пән толық енгізілетін болады. Бұны біздің академияның шоқтығы биік жұмыстарының бірі ретінде бағалауға болады», - деді Дархан Қыдырәлі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ІІ Түрік қағанатын қайта жандандырған Құтлық қаған тарихи кешенінің табылғанын хабарлаған едік.

 

Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлінің айтуынша, аталған тарихи табыс - барша түркі әлемі және көшпелі жұрт үшін үлкен жаңалық болып отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста