Темірхан Тебегенов: Қырғыз бен қазақтың тарихи тамырын ешкім үзе алмайды

Темірхан Тебегенов: Қырғыз бен қазақтың тарихи тамырын ешкім үзе алмайды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде өткеніміз бен бүгінімізді, болашағымызды бағдарлайтын тарихнамалық үлкен бағдар жолында келе жатырмыз. Оның жарқын куәсі – Тәуелсіздік жылдарында түркі халықтарының өзара көп ғасырлар бойы қалыптасқан бұрынғы түп тамырлық қандастығының, туыстық байланыстарының жаңғыруына жалғасуы. Бұл орайда, бұл жаңғырудың біздің жаңа буын ұрпақтарымыздың алдағы күндерге сеніммен қадам басуына негіз қалап отырғанын айтқым келеді. Біз арғы тарихымыздан бүгінгі күнге дейінгі уақытта түркі халықтарының ішіндегі қырғыз халқымен материалдық және рухани мәдени салалардағы байланыстарымыздың мықтылығына үлкен қуанышпен қараймыз. Үлгі етеміз. Қырғыз-қазақ байланыстары желісінде Шоқан Уәлиханов арнайы жазбалар жазып, өзінің көп томдықтардың ішінде қырғыз халқының фольклорына, этнографиясына, тарихи мұраларына айрықша назар аударып, «Манас» эпосы және ондағы «Көкетай ханның асын» бүкіл Еуропа халқына, жұртшылығына таныстырғандығы, манастану бағдарламасының негізін қалағандығын, қырғыз жерін, географиясын, тарихын негіздегенін басты назарға аламыз. Мұхтар Әуезовтің сонау 50-ші жылдардың ортасында алып эпос Манасты бүкіл әлемдік деңгейдегі мұра ретінде бағалап, жойылып кетуінен сақтаған, озбыр, қиғаш көзқарастардан қорғап қалғандығын ашық айтамыз. Бұл орайда Мұхтар Әуезов бастаған үлкен ғалымдарымыздың дәстүріндегі Әлкей Марғұланның да Шоқантану мен «Манас» эпосы бағытындағы зерттеулерімізді дамытып, халық мұрасының әлемдік деңгейде танылуына еңбек сіңіргенін мақтан тұтамыз. 20-шы ғасырдың белесі – біз қырғыз-қазақ байланыстарының айрықша бір дамыған тұсы. Ұлы ұстаз Мұхтар Әуезовтің «Әлемдік классикалық әдебиеттің қатарына қосылатын үлкен талантты тұлға» деп Шыңғыс Айтматовқа қамқорлық жасағандығын айрықша айтқым келеді. Бұл қамқорлықтың тек қазақ-қырғыз байланыстарын ғана емес, туысқан түркі халықтарының әлем өркениетіндегі мерейін өсіргенін үлкен сүйіспеншілікпен сезінеміз, мақтанышпен қараймыз. Қырғыз бен қазақ халқының тарихи тұтастығы туралы көп айтуға болады.

ХІХ-шы ғасырдың белесіндегі қазақ-қырғызға ортақ түркі халықтарында (қазақ, қырғыз, қарақалпақ) сақталып классикалық ауызша авторлық әдебиеттің үлкен мұрасы - қазақ-қырғыз айтыстарын назарға үнемі алып отырамыз. Себебі бұл – жалптүркілік ортақ мақтанышымыз. Мысалы, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы, Сарбас пен Қалмырзаның айтысы, Құлманбет пен Қаламқастың айтысы, берідегі айтыскерлерден Халық Акиев пен Кенен Әзірбаевтың айтысы, Үмбетәлі Кәрібаевтардың айтысы. Осылардың барлығы екі ел халықтарының байланыстарына негіз болып отыр. Бұл үрдіс Тәуелсіздік жылдарында қайта жаңғырып жалғасып келеді.

Сүйінбайдың шәкірті ұлы Жамбыл бабамыздың мұрасын қырғыз ақындармен тығыз байланыста болғаны, қырғыз ақындарымен шығармашылық байланыста болу арқылы кейінгі толқынмен екі халықтың ақындарына негіз қалап кеткенін баса айтқым келеді. Әсіресе Жамбылдың қырғыздың классик ақыны Тоқтағұлмен достығына үлкен назар аударамыз. Біз осыдан бірнеше жыл бұрын Тәуелсіз түркі мемлекеттерінің бір топ ғалымдары бірлесіп, Анкарадағы қырғыз ғалымы Гульзура Жумакунованың бастамасымен Тоқтағұлдың 6 томдығын шығардық. Осы алты томдықтың қырғыз, түрік, қазақ, әзірбайжан, түркмен, өзбек тіліндегі нұсқаларын сол халықтар ғалымдары дайындады, қазақша нұсқасын дайындаған мен едім. Сол үшін Қырғыз Республикасының арнаулы сыйлықтарымен, медальдарымен наградталдық. Әзірбайжанның Баку қаласында екі халықтың достығын жырлайтын куәгер жұмыс ретінде Тоқтағұл мен Жамбылдың мұрасының, оның қазіргі әдеби-мәдени дамуында ықпал ететінін бәріміз ортақ әңгіме етіп қозғағанбыз. Халықаралық ұйым ТҮРКСОЙ-дың бағдарламасындағы жұмыстарында да қазақ-қырғыз байланыстары үнемі назарда келеді. Бұл орайда ұстаз-ғалымдарымыз Мұхтар Әуезовтің, Әлкей Марғұланның өнегесі, олардың шәкірттері Зейнолла Қабдоловтың, Тұрсынбек Кәкішевтің, Зәки Ахметовтың, кейінгі толқын Сейт Қасқабасовтың, Уәлихан Қалижановтың, олармен сабақтас көрнекті ақын-жазушылармыздың өнегесімен қазақ-қырғыз әдеби, ғылыми байланыстарының әлемдік деңгейдегі тұтастығына берік негіз қаланғанын айтамын. Осы Тәуелсіздік жылдарының белесінде Мұхтар Әуезов негіздеген зар заман ақындары поэзиясының, зерттелуінде қазақ пен қырғызға ортақ тағдырды, ресейшіл отарлық империялық құрсауға түскен екі халық трагедиясына қатысты ақындардың өлеңдерін бағалаудағы іргелі зерттеулердің де үлкен орнын атап айтамыз. Бауыржан Омарұлы есімді ғалымның екі ел ақындары жырларының қасіретнамалық сарынын анықтағанын болып жатқанын, тағдырлас екі халықтың күрескерлік рухын жігерлендіргенін айтқан талдауларына біз мақтанышпен қарап, тағы да жаңа зерттеулер жүргізіп келеміз.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Қырғыз Республикасының ХХІ ғасырдың басындағы байланыстардың Бішкектегі оқу орындарындағы, оның ішінде Ж.Баласұғын атындағы университетті қырғыз әдебиеті кафедрасы Қырғыз Ұлттық Ғылым академиясының үлкен ғалымы Әбілдәжан Ахматәлиевтің бізге дәнекер болып жүргендігін, тағы да көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің екі елге ортақ конференциялар, жиындар өткізіп жаңа зерттеушілердің екі халыққа ортақ өзекті мәселелерді қозғау ортақ шешім қабылдап жатқанын сеніммен айтамын. Сондықтан біз осы айтылғандардың аясында екі халықтың тілі, сырт келбеті қандай ұқсас болса материалдық рухани мәдени салалардағы осындай кесек-кесек байланыстарын айтып бұл достықтың, ынтымақтастықтың Мәңгілік Ел дамуындағы болашаққа ұласатынына сенеміз.

Біздер рухани Мәдениет құндылықтарының қайта жаңғыруы дәуіріндегі кезеңінде ғасырлар бойы қалыптасқан екі халыққа дәнекер болып жатқан ұлы достық арнасының қайта кеңейе, тереңдей түсетініне сенеміз. Ал өмірдің ағымында болып келген оқиғалар мен айтылып жатқан түрлі сөздер, пікірлер бұл екі халықтың мызғымас достығына бөгет болмайтындай жағдайда өмір сүретінімізге кәміл сенеміз. Әні, жыры, жан ділі болмысы тұтасып кеткен екі халықтың ешқашан да мұндай тарихи кезеңдердегі сәл ғана болатын оқыс әңгімелерге бола достығы бұзылмайтындығына, мызғымайтындығына кәміл сенеміз.

Темірхан Тебегенов,
әдебиеттанушы ғалым, педагог,
Филология ғылымының докторы, профессор

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста