Ринат Зайытов: Ақындардың құны төмен малдан да

Ринат Зайытов: Ақындардың құны төмен малдан да

Ақын Ринат Зайытов досы Ақберен Елгезектің туған күніне арнап өлең оқыды. Айтыскер ақындық пен ақындардың қадірі туралы сөз етті.

Әнші Сәкен Майғазиев ақынның өлең оқыған сәтін Сәкен Майғазиев Instagram-да жария етті. Айтысткер Ринат Зайытов ақын Ақберген Елгезектің туған күнінде арнайы өлең оқыған.

Құлагермен жете алмаған арманға,

Маңмаңгерлеп мұңын айтқан жалғанға.

Ақанды да ауру деген ағайын,

Ертең бізді жынды десе, таңқалма!

 

Дайын тұрар аяғынан шалғанға,

Жоқ жерінен жала жаба салғанға.

Махамбеттің басын кескен ағайын

Ертең бізді бауыздаса, таңдаңба!

 

Қанша жерден айналсаң да тарланға,

Бишарасың, тағдырыңа таңданба!

Қазақ үшін бұл дүния жалғанда,

Ақындардың құны төмен малдан да.

Құзғын бақыт келіп қонар басына,

Кебін оранып басын жерге салған.

Желі қолданушылары өз пікірін ортаға салды. 

“Жүрекпнн айтады ғой, шіркін, Ринат аға аман жүріңіз”, “Өлең жақсы ғой әрине. Бірақ ақындарға өлең, әншілерге ән мен той болса болды. Бірақ, өмір деген поэзия не жиын-той емес”.

“Құрметті ақындар, қазақты жамандауды қойыңыздар. Ринат аға, абыройыңыз осы жерден құлады. Ақшасы жетпесе де бір құлын, ақын көрсе ойланбай ту бие атайтын қазақ. Сіздерді көкке көтеріп жүретінде қазақ. Қазақ білімді, ақылды, сабырлы. Ешкімге де жала жаппайды. Ол өтірік стереотип. Ағайын бауыздамайды, жайдан жай ауру демейді”.

“Ақындардың құны төмен дегені ұнамады”, “Халықты жерден алып жерге салды ғой! Махамбетті өз халқы емес өлтірген! Үстем тап, байпатшалардың қолынан өлді! Арамза хандар орыспен одақ болып, қара халықпен бірге болмады! Сосын, ақындарды қазақтан артық сыйлайтын халық жоқ!”.

“Керемет, өлең. Қазақтың бойында бар көре алмаушылық, аяқтан тарту, ғайбат айту секілді кемшіліктерді айна қатесіз айтты”, – деді желідегілер.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста