Қытай қатері: аңыз ба, ақиқат па?

Қытай қатері: аңыз ба, ақиқат па?

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында Елена Садовская «Қытайдың Қазақстанға бағытталған еңбек және бизнес миграциясы» атты дәріс оқып, жұртшылықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің аймақтық тілшісі.

Таныстыра кетсек, ол – Қазақстандағы және Орталық Азиядағы көші-қон және көші-қон саясаты жөніндегі халықаралық кеңесші, Мәскеудегі Көші-қон зерттеулері орталығы жанындағы ТМД елдеріндегі көші-қон бойынша зерттеулер кеңесінің сарапшысы, сондай-ақ түрлі халықаралық ғылыми жобалардың қатысушысы. «Аспан асты еліне» секеммен қараушылық «іргемізде тұрса да, осы алпауыт мемлекет туралы мағлұматымыздың аздығынан, зерттеп-зерделеп отырған институттың жоқтығынан туындап отыр» дейді сарапшы. Айтылған тұщымды ойлары төменде ықшамдалып берілді.

Қытай – ірі қаржы доноры

«Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы, қолға алған жобалары туралы деректер әртүрлі. Ұлттық банк «15 миллиард доллар» дейді. Ал шетелдік деректер бойынша, құны 89 миллиард доллар болатын келісім-шарттарға қол қойылыпты. Бұл ақшаның көбі әлі аударылған жоқ, әрине. Қытай дереккөздері болса, 50 миллиард деп көрсетеді».

«Іске асырылуы тиіс 51 жоба туралы ел аузында әңгіме көп. Сарапшылар «осы жобаның тек қана бесеуі ғана жүзеге асырылады» деп есептейді. Кейбіреуі, тіпті, «3 жобаға ғана қолға алынар» деп топшылайды».

«Қытай Қазақстанға қаржы доноры ретінде келіп отыр. Әртүрлі салада, ең алдымен энергетика, транспорт саласында – инвестор, маңызды экономикалық серіктес, жұмыс күшінің көзі».

Мүдделер тоғысы

«Көлік жолы және темір жол Қазақстан арқылы өтетін болады. Өйткені, Қазақстан мен Қытайдың мүддесі сәйкес келеді және бірін-бірі толықтырып тұр. Қытайдың мүддесі неде? Оларға табиғи ресурстар керек. Қытайлар жасыл энергетиканы дамытуға мүдделі. Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Жоңғар қақпасында жел энергетикасы жедел дамуы мүмкін. «Жібек жолы» экономикалық белдеуін дамытуда Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор».

«Қазақстан үшін Қытаймен экономикалық ынтымақтастың маңызды тұсы – салынатын «Жібек жолы» Қытайдың Шығыс жағалауына жол ашады. Біздің тауарларымызды Азияның үлкен нарығына шығаруға мүмкіндік береді.

«Ресей, Еуропа одағы және АҚШ сияқты өзге де геосаяси ойыншыларды Қытай теңгеріп отырады. Батыстан өзгешелігі, Қытай ешқашан «демократизация, адам құқығы» секілді саяси талаптар қоймайды».

Қазақстанда кімдер жұмыс істейді?

«Басты мақсат – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және кадрлармен – жұмысшы күшімен, инженерлермен қамтамасыз ету. Елімізде кадрлар жетіспейді. Жоғары кәсіби білім беру мәселесі де бар. Яғни, бізде гуманитарлық кадрлар жетіп артылады да, инженерлік-техникалық кадрлар жетіспейді. Кәсіби мамандар ғана емес, білікті жұмысшылар да жетіспейді. Сондықтан еңбек миграциясын дамытып, мамандар шақырылып жатыр. Соның ішінде қытай мамандары да бар. Өйткені, Қытай – маңызды инвесторлардың бірі. Географиялық тұрғыдан жақын».

Көші-қон мәселелері

«Жалпы алғанда, еңбек миграциясын қоса алғанда, көші-қон факторының бірі – диаспораның болуы. Тарихи тамырластық бар. Көне Жібек Жолы жоғары технологиялық сипатта қайта жаңғырып жатыр. Ең үлкен қазақ диаспорасы шекараның ар жағындағы Шыңжаңда тұрады».

«Миграцияның жаңа экономикалық сипаты пайда болды, олар – еңбек, бизнес және сауда көші-қоны. Қытайдан келіп жатқандарға қарағанда, Қазақстаннан Қытайға оқуға барып жатқандар көп. Мұны білім көші-қоны деп атайды. 14 мыңнан аса қазақстандық студент Қытайда оқып жатыр».

Таяқтың екі ұшы

«Қытай миграциясына тоқталсақ, келіп жатқандардың бәрі ханзулар емес. Олардың ішінде қазақтар, ұйғырлар, дүнгендер, тіпті орыстар да бар. Көбісі Шыңжаңнан. Жұмыс күшіне келсек, олардың дені – ханзулар. Бизнес миграцияда ханзулардан бөлек, ұйғырлар, дүнгендер де бар. Сауда миграциясы көп ұлтты. Ал көшіп келіп, тұрақтап жатқандар – негізінен Шыңжаңның қазақтары. Қытай миграциясына қатысты үрей, аңыздар ақпараттың жетіспеушілігінен туындап отыр».

«Оралмандардың дені Қазақстанның төлқұжатын алмай, Қытайдың төлқұжатын сақтап қалады. Бұл шекарадан өтіп, сауда жасауға, бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Таяқтың екі ұшы бар. Егер мұнда төлқұжат алған оралмандардың өзіне ісін дөңгелетуге мүмкіндік болса, олар дорба асынып Қытайға бармас еді».

Шетелдік жұмыс күшінің үлесі

«Қазір шетелдіктер арасындағы қытайлық жұмыс күшінің үлесі соңғы 4 жылда 40 пайызға жетіп отыр. Мұндай сандарды алып, «қытайдың жұмыс күші қаптап кетті» қара аспанды төндіріп жіберуге де болады. Шындығында, жағдай басқаша. Мәселен, Атырауда барлық шетелдік жұмыс күші еңбек жасайтындардың 2 пайызы ғана болған. Қытай жұмыс күші мамандар жетіспейтін жерде ғана жұмыс істейді. Олар қазақстандық-қытай бірлескен жобаларда еңбек етеді. Қытай жұмыс күшінің еңбек нарығына ықпалы туралы сөз қозғауға мүлде келіңкіремейді. Ақпараттың жетіспеушілігі, қорқыныш, үрей, фобиялар шынайы түйткілдерді түсінуге кедергі жасайды».

Қытайдың демографиялық саясаты қалай өзгерді?

«Тағы бір күтпеген жайт, Қытай соңғы он жылдың ішінде бірте-бірте иммиграция еліне айналып барады. Не деген парадокс десеңізші, демографиялық алып ел, 1,3 миллиард халық! Демографияны шектеу саясатының салдарынан, 2050 жылға қарай Қытайдағы қарттардың саны 300 миллионға жетеді екен. Ал жастардың саны мұнымен салыстырған өте аз. Осыдан бірнеше жыл бұрын олар демографиялық саясатын өзгертті. Бұдан былай қытай өз халқын шетелге жібермей, керісінше, адамдарды өзіне тарта бастайды».

Ірі салық төлеушілер

«Мен тек қана қытай бизнесінің үлкен санатына, атап айтқанда, ірі, орта компаниялармен және шағын кәсіпорындарға ғана тоқталып өтейін. Елімізде бірлескен қытай-қазақ компаниялары саусақпен санарлық қана. Олардың бәрі ірі салық төлеушілерге жатады. Мәселен, «СNРС – Ақтөбемұнайгаз» 50 ірі салық төлеушілердің ішінде 5-ші орында. Бюджетке миллиондап, миллиардтап салық төлеп отыр. Қытай компаниялары экономикалық қызметпен ғана айналысып, белгілі бір саланы дамытып қана қоймай, корпоративтік- әлеуметтік жауапкершілік саясатын ұстанып отыр. Оның ішінде, жергілікті бизнеске қолдау көрсету де бар. Олар жолдарды жөндеп, шалғай аудандарға коммуникация, арзан газ тартып жатыр. Мәдени, спорттық шараларды ұйымдастыруда. Кадрларын қайта оқытып, біліктілігін көтеруде. Қызметкерлерін Қытайда, Ресейде, Қазақстанның өзінде де оқытып жатыр. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауытына қытайлар1 млрд. 130 млн. доллар қаржы салып, 115 жергілікті тұрғынды Қытайға оқуға жіберді.

Қытайлар бізге келуге құлшынып отыр ма?

«Мемлекеттік шенеуніктер мен қоғам белсенділері Қытай көші-қонына қалай қарайды? Бір жағынан қарағанда, бұл – қашып құтыла алмайтын нәрсе. Қытай көші-қоны негізінен дамыған Шығыс өңірлерге немесе батысқа бағытталған. Қытай үшін Қазақстан аса тартымды ел емес. Қытайлар Қазақстанды біле де бермейді. Мұнда келіп жұмыс істеуге құлшынып отырған жоқ».

«Десе де, кейбір шенеуніктер «кейбір жобалар іске аспай қалса да, біз қытай жұмысшыларын кіргізбейміз» деген пікірде. Екі ел арасында визалық текетірес жүріп жатыр. Тіпті, мұны «қақтығыс» деп атаса да болады. Ұдайы бақылап отырған сарапшыларға нағыз текетірес болып жатқаны байқалады. Елші, консул сыни пікір айтты, қытайлар да сөйлей бастады. Мен осы дәрісті шенеуніктердің тыңдағанын қалар едім. Қытай Қазақстанға қалай кіріп жатыр? Бізге қандай көші-қон керек? Оны қалай рәсімдеп, реттеуге болады? Мамандардың келуіне жасанды түрде кедергі жасағанша, осындай нақты түйткілдерді шешкен жөн».


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста