Қазақтың біртуар ұлы Қонаевтың жары туралы не білеміз? (фото)

Қазақтың біртуар ұлы Қонаевтың жары туралы не білеміз? (фото)

Қазақтың біртуар ұлы, дара саясаткер Дінмұхаммед Қонавтың жары Зухра Шәріпқызының көркі мен ақылдылығы, аса білімділігі туралы ел арасында көп айтылады. Саясаткер елу жыл отасқан жарын өте қатты жақсы көрген. NUR.KZ порталы оқырман назарына ұлы тұлғаның жары туралы деректерді ұсынады.

Ялымова Зухра Шәріпқызы ауқатты татар көпесі Шәріп (Шариф) Яльмовтың қызы. Оның отбасы Ақмола облысында тұрған. Анасы туберкулез дертінен ерте қайтыс болғаннан кейін, әкесі бірден екінші рет үйленеді. Өгей шешесімен тіл табыса алмаған Зухра 13 жасында үйінен кетіп қалады. Өз бетінше оқу оқыған қыз жұмыс істейтін жері берген жатақханада тұрған.

Зухра Шәріпқызы орта-білімді, есепші –экономист мамандығын алған. Соған қарамастан, тарихи кітаптарды көп оқыған. Зухраны білетіндердің айтуынша, ол басқа әйелдер секілді алтын білезік, алқаға қызықпай, діни кітаптарды жинап, қасиетті Құранды қастерлеп ұстаған.
Саясаткер Зухрамен 1937 жылы бірнеше күнге Алматыға келгенде танысқан. Оның институттағы досы Мақсұт Бақаев Зухрамен бірге тұратын әйеліне хат беріп жіберуді өтінген. Олар осылайша танысып, өзара хат жазысып жүреді. 1939 жылы Димаш Ахметұлын Риддерге ауыстыруға шешім қабылайды. Осы кез ол Зухраға келіп: "Мүмкін, сен менімен бірге барарсың?" - деген. Димаш жарына үйлену туралы ұсынысты осылайша жасаған.

Жас жұбайлар үйлену тойларын Қонаевтың үлкен әпкесі Әминаның үйінде өткізеді. Тойдан кейін олар бірден Риддерге кеткен. Екеуінің ондағы өмірі қиындыққа толы болған. Димаштың әпкесі "Риддерге олар алғаш барғанда екеуінің күнкөрістері Зухра сауатын бір сиыр ғана болған",-деп айтқан естеліктерінде.

"Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зухра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау –ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де, жайдары Зуһра Шәріпқызы "ұлықтың" әйелімін деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен, қонақжайлығымен ағайын-туыс пен дос-жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы Меңдіахметтің дәрет алар суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде-бір рет жаңылмаған ибалы мінезімен ата-енесіне, еліне жаққан сыйлы келін болған.

Зухра Шәріпқызының өзіне адал жар болғанын еске алған Димекең басына қара бұлт үйірілген кездерге ой жүгірте отырып: "Есеп қызметкерлерінің табиғаты бөлек қой. Марқұм Зухраш мен таңғалған бір іс жасады. Жылдар бойы алған затының есебін жүргізіп отырыпты. Не алса да ақшасын төлеп, квитанциясын сақтап келіпті. Тіпті бағасына дейін көрсетіліп, сатып алғандығын растайтын аты-жөні мен қолын қойдырып отырыпты. Маған араша түскен ең басты құжаттар осы болды",-деген екен.

Өз перзентінің болмағанына қарамастан, Димекең бала көрсе еркелеткісі келіп тұратын өте бауырмал адам болыпты. Содан да інісінің балаларын әкелік мейіріммен бауырына басқан, олрдың және басқа да іні-қарындастарының оқып, білім алуына, дұрыс тәрбиеленуіне себепші болып отырған",-деп жазады Серік Әбдірайымұлы "Бес мүшел белесінде" кітабында.

Зухра көз жұмар алдында жары Дінмұхаммедке бақилықта да өзімен бір жерде болуын өтінген.

"Сенің атағың алысқа кеткен, кезінде ел сұраған адамсың. Саясатқа жығып, басқа бір жерге ала қашып жүре ме? Менің мәңгілік ұйқым тыныш болсын десең, бақилық ғұмырыңда да қасымда болшы",- деген ол.

Айта кетейік, Дінмұхаммед Қонаев 1991 жылдың сәуір айында Зухраның көк тасын орнатып, жылын өткізгеннен кейін құсалықтан екі жеті бойы үйден шықпай отырып алған деседі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста