Ол махаббат əні еді!

Ол махаббат əні еді!

Əн! Биікке əуеледі. Тыныштық орнады. Əуелде ешкім оның ерекшелігін байқамады. Дауыс биіктей берді. Құлақ тұнды. Қарапайым жұрт не болғанын білмеді. Тек білімділер ғана оның алты октава екенін аңғарды. Ол жеті, тіпті сегіз октаваға дейін созды. Ол маңызды емес еді. Алты октава жеткілікті болатын. Себебі пианино - бес октава. Ел шулап кетті. Бұл үлкен жаңалық еді. Мəселе əуеннен сөзге көшті. Сөз қазақ тілінде болатын. Аударды, түсінді. Сөзге деген, тілге деген махаббат артты. Жұрт қызыға бастады. Қосымша эффектілер пайда болды. Ғалымдар тарихты ақтарды. Кімнің кім екені белгілі бола бастады. Бұл құбылыс кейбіреулердің мазасын алды. Тоқтату керек болды. Шама жетпеді. Еркіндік еріктен шықты. Ауыздықтауға көнбеді. Əн жалғаса берді. Билік құрдымға кететінін түсінді. Бір кісілерді құрбандыққа жіберді. Сонда да əн тоқтамады. Əн қай жерден шықты, сол жерден тоқтату керек болды. Ақыры зордың күшімен тоқтатты. Бірақ желі тоқтамады. Елге қауіп төнді. Басталды!


Жер анада көп бала болды. Балалары қатыгез болып өсті. Анаға қарамады. Жер ана балаларының бұл мінезін түсінбеді. Олардың əкелері Көк аспан жақсы адам еді. Ол Жер ананы ренжіткен жоқ. Жылу керек пе, Күнді берді, су керек пе, жауынды берді, көрпе керек пе, қарды берді. Оның тоғыз əйелі болды. Бəрі бақытты. Ендеше бұның күйеуі Көк аспан жаман адам емес. Ал өзі ше? Бұл да жаман емес сияқты. Қалған сегізінде перзент болмай, тек осы ғана балалы болды. Сонда кемшілік неден кетті? Балалары Жер анадан тек алуды ғана білді. Беруге келгенде жоқ еді. Осыдан Жер ана тозды, қартайды. Жер ана соңғы рет бала көтеруге бел буды. Кенже бала көргісі келді. Күйеуі Көк аспан қарсы болмады. Іші шығып, бүлкілдеді. Баласының жай адам болмайтынын ұқты. Оның дүниеге келуін асыға күтті. Уақыт жетті. Жер ана соңғы рет ышқынды. Дүниеге шекесі торсықтай ұл келді. Шырқыраған даусы Көкке жетті. Əке қуанды. Кенже ұл көзін ашып анасын алғаш рет көрді. Анасы қартайып, бетін əжімдер басыпты. Үстіндегі көйлегі де ескіріп, тозыпты. Анасының бұл қалін көрген Кенже «не болды?», - деп сұрады. «Анасы ағаларың алысқа кетті», - деді. Кенже бар даусымен ағаларын шақырды. Даусы ащы еді. Ағалары қорқып қалды. «Егер бұны бесігінде тұншықтырмасақ, ол біздің бəрімізді өлтіреді», - деп оны құртуға келісті. Әке Көк аспан үлкен ұлдарының пиғылын бірден ұқты. «Өй, өңкей шикі өкпе! Өкпелеріңді суырып алайын», - деді. Кейбіреулері кешірім сұрап қара жерге бас ұрып жалынды. Көк аспан оларды сау жіберді. Кейбіреулері дəл осы кезде жер басып жүргенше, жер астында жүрген артық деді. «Ықтиярсың ба», - деп сұрады Көк аспан. «Ықтиярмын», - деді Адам. Жанын алды. Кейбіреулер үйлеріне кіріп, көрпе астында дірілдеп, бүк түсіп жатты. Көк аспан оның көрпесін ашса, терге малынып жатыр екен. «Арам терің шығыпты, тірі қалдырам», - деді Көк аспан. Осылай өмір өтіп жатты.


Дүниеге келген Кенжесін көрген Жер ана түрлене бастады. Тіпті құлпырып кетті. Күйеуі Көк аспан шайдай ашылды. Өмірге жаны жайсаң ұрпақ келді. Дүние жайнай бастады. Жер Ана да өзінің сүйікті жасыл көйлегін киіп күйеуі Көк аспанға қолын созды. Бақытты еді. Ана мен Әке қадірін білетін ұл бар. Одан артық не керек. Көк аспан қуаныштан көз жасын төкті. Бау-бақша құлпырып сала берді. Бақ арасында əсем күлкі естілді. Арықтан сыңғырлап су ақты. Кенжесінің салған əні көкке көтерілді. Ол махаббат əні еді!


PS. 30 май 2020 жыл. Короновирус инфекциясы кезінде жазылған әңгіме.


Рашид Керімбаев
Алматы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста