Кенесары ханның бас сүйегі қайда? Омбыдан ресми жауап

Кенесары ханның бас сүйегі қайда? Омбыдан ресми жауап

Бірқатар БАҚ "Хан Кененің бас сүйегі Омбыдағы мұражайдан табылды. Генетикалық сараптамадан кейін оны елге қайтарады" деген ақпарат тарата бастады.

Жуырда бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Омбыда Кенесары ханның бас сүйегі табылды деген ақпарат тараған еді, деп жазады ЭК.

Кенесары Қасымұлы — қазақтың соңғы ханы және 1837-1847 жылдардағы ұлт азаттық қозғалыстың басшысы. Қазақты Ресей империясынан азат етемін деген ол ақыры тұтқынға түседі. Ал басын алғандар оны Батыс Сібірдің генерал-губернаторына сыйлық қылып жіберген.

Содан бері Кенесары ханның басы қайда қалды және оны туған жеріне қалай оралта аламыз деген сұрақ көп жылдан бері отандық тарихшыларға маза бермей келеді.

Әуел баста хан Кененің бас сүйегін Санкт-Петербургтегі атақты "Кунсткамера" мұражайынан іздеген. 2004 жылы Сыртқы істер министрлігі мұражайға ресми сауал жолдағанымен, ханның бас сүйегі ол жақтан табылған жоқ.

2016 жылы сол кездегі Премьер-министр Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездескенде, Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін елге қайтару туралы сөз қозғаған еді.

Ал биыл соңғы ханымыздың бас сүйегін елге қайтару туралы мәселе мемлекет басшылары деңгейінде қозғалды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішіне жауап берген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин артефактіні өз еліне қайтаруға жәрдемдесемін деп уәде еткен еді.

Содан кейін бірқатар БАҚ "Хан Кененің бас сүйегі Омбыдағы мұражайдан табылды. Генетикалық сараптамадан кейін оны елге қайтарады" деген ақпарат тарата бастады.

Orda.kz сайты генетикалық сараптама аяқталған соң, тарихи дерек ресми түрде жарияланатынын, жалпы бұл жаңалықты Кенесары ханның 220 жылдығына орайластыру жоспарда бар екенін жазды.

Омбыдағы мұражайлардың тізімін зерттеген ЭК ақпараттық порталының тілшісі хан Кененің бас сүйегі Достоевский атындағы Омбы тарих және этнография мұражайында немесе Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайында сақталуы мүмкін деген пайымға келді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұлардың соңғысында Кенесары ханның мылтығы сақталған.

Омбы мемлекеттік мұражайындағылар ЭК тілшісіне "бізде ондай экспонат жоқ" деп тура жауап берді. Ал тарихи-өлкетану мұражайы ресми сауал жолдауды өтінген. Кейін ондағылар да "біздің қорда "қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі" деп аталатын дүние жоқ" деп жауап берді.

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста