Ғабиден Мұстафин. Жауқазын буынға хат
Адамды адам етіп келе жатқа бір ұлы қасиет бар. Оның аты &ndash ұят. Сабыр, ынсап, ар, ұят, әдеп &ndash бірінсіз-бірінің күні жоқ. Бәрі жиылып махаббатты құрайды. Бірін жоғалтсаң, бәрін жоғалтасың. Жаман қылық &ndash жұқпалы аурудан да қиын, бірден бірге ауыса ұрпағыңа да кетуі мүмкін. Сондықтан «Ұлың өссе ұлықтымен, қызың өссе қылықтымен ауыл бол» дегенді қазақ тегін айтпаған.
Жұрт көбіне ұсақ құмарлықты махаббатпен шатастырады. Жалаң нәпсі билеген кеудеде махаббатқа орын жоқ.
Киім-басы мұнтаздай көрікті әйелдің мосқал тартқан ер кісіні қол арбаға отырғызып көшеде жүргенін жиі көрем. Бірде арбасыз кездесті. Әңгімеге тарттым.
&ndash Сүйіп қосылған күйеуіміз еді. Соғыстан осылай кәріп боп оралды, &mdash деді ол. &ndashЕнді қалған ғұмырда жанына дақ салмай аялап өткім келеді. Міне, махаббатқа адалдықтың, ар, намыс,тазалығының бір көрінісі.
Бір күні автобуста келе жатып қатар отырған екі әйелге көзім түсті. Бірінің жасы жиырма-отыз аралығында, ерні қызыл бояу, көзінің үсті көк бояу, ұзартылған кірпіктері қара бояу, башмағынан шығып тұрған башмайының тырнақтарын да қызылмен бояп тастаған, омырауы ашық, көйлегі жетпейді, жеткен жерінің өзін жапқаны шамалы &ndash сүзгідей сирек матадан денесі көрінгендей. Қасындағының жасы отыз-қырық аралығында. Мұның құмары алтын екен. Он саусақтың алтынсызы бірен-сараң, қайсы біріне тіпті екі жүзіктен киіпті: білезік, сырғалар да алтын, алтындары асыл тастармен безенген. Осы екі әйел көркемдіктің, мәдениеттің шегіне жеткендей көңілдері көтеріңкі. Орыс-қазақ сөздерін араластырып шатты-бұтты сөйлесіп отыр. Осы сәтте автобусқа бір кемпір кірді. Көтерген себеті бар, жөтеледі, ентігеді, жан-жағына қаранып орын іздейді. Әлгі екі әйел қасында қалтаңдап әзер тұрған кемпірді елемейді.
Сол мезет соңғы жақта отырған қарақат көз қыз орнынан атып тұрып, жүгіре басып барды да кейуананы қолтықтап әкеліп, өз орнына отырғызды.
&ndash Бұл кісі шешең бе, әжең бе, шырағым? &ndashдеп сұрадым қыздан.
&ndash Екеуі де емес, танымаймын,-деді қыз. Сөйлеген кезде екі беті қызарып кетеді екен. Ибалық деген осы. Сірә, мені таныды ғой деймін, сәлден кейін:
&ndash Сізді автобуста көрем деп кім ойлаған. Қандай тамаша болды, &mdash деді батылсыздау үнмен.
&ndash Автобус &ndashкөптің көлігі. Көппен бірге болу әбес пе?
&ndash Жо-жоқ, сонда да&hellip
Аялдамаға келіп қалыппыз. Қыз сөзін аяқтай алмай, қош айтысып түсіп кетті. Кішкентай қылығымен-ақ бәрімізді риза ғып кетті. Қазақта обал, рақым, иба, қанағат, борыш деген ұғымдар бар. Бұлар &ndash ескіден келе жатса да ескірмеуге тиісті асылдарымыз. Оларды темір етікке нәл қағып кигендей әспеттеуіміз керек, қадірлеуіміз керек.