Димаш өзі ұлтшыл, өзі - өте дарынды жігіт. Жапонның талабына сай бозбала...

Димаш өзі ұлтшыл, өзі - өте дарынды жігіт. Жапонның талабына сай бозбала...

Жапондар өте ұлтшыл халық қой.
Менің бір досым Жапониядан оқып келді. Сол кезінде жапондар туралы біраз әңгіме айтқан еді. "Ана жақта жаспыз - маспыз, қан қылшылдап тұр" дейді, сөйтіп бұлар бірге оқитын жапон қыздарға қырындамай ма, сөйтсе ана қыздар мыналарға түк қарамайды екен. Сырттан келген шетелдік жігіттерге назар бұру деген жоқ, нөл внимания, тастай қатып қалады екен жапон қыздар. Ал енді сол қыздар өз жапон жігіттерін көрсе бар ғой иә.... көздері күлімдеп, езулері жайылып кәдімгідей боп қалады екен. "Жапон қыздар өздерінің ұсқынсыз, мыртық - қортық жігіттерін де бізден артық көретін" дейтін досым. Не деген биік ұлттық сана сезім десеңізші...
Бірге оқыған талай қытай, кәріс жігіттері де жата қалып жапон тілін үйреніп, жапон қыздарға қырындап өліп - өшіп қолдары жетпей жүретін дейді. Қытай - сытай дегендерді жапон қыздары бір жерлеріне де қыстырмайтын дейтін ел көрген дос. Олар - қыздар үшін екінші, үшінші сорт......

Жапондар өте ұлтшыл халық. Оны өз кітабында Ли Куан Ю де атап өтеді, "жапондар өздерін құдай таңдаған халықпыз деп атайды, оны түсіну үшін жапон боп туу керек" дейді Куан Ю.
Жапон компаниялары шетелге жұмысқа шықса соңдарынан өз ұлттық ресторандарын, өздеріне ұлттық нақышта қызмет көрсететін нәрселерін сүйрелеп алып жүреді екен, шұбыртып.
Ли Куан Ю бәле шал ғой, бірақ ол "жапондардың ұлтшылдығы, келешекте олардың дамуына кедергі болады" деп тап осы жерде қателескен екен. Жапондар атам заманнан бері ұлтшыл халық, олар сол заманнан бері көркейіп келеді, онысынан опық жеген жері болмапты.
17 - 18 ғасырда еуропалық христиан діни миссионерлері Шығыс Азияны шоқындырамыз деп түре көшіпті, сонда Филиппин сынды елдер жаппай шоқынып кеткенде, жапондар өздеріне келген миссионерлерді ұстап алып мойындарына тас байлап суға батыра беріпті. "Әртүрлі дін біздің ұлттығымызға сызат түсіреді міс".. Бұлардың содан ынтымағы бұзылмаған екен.

Негізі ұлтшыл халықты тез біріктіріп, кез келген басқа түскен тауқіметті жеңіп шығуға өте ыңғайлы. Меніңше, сондай тағы бір ұлтшыл халық - немістер. Бұл әсіресе реформаторлар үшін керемет нәрсе. Елдің басын тез қосып көтересің де отырасың. Жапон мен немісті билеген әміршілер осыны жақсы білген.

Жапония тағы дарынды адамдар елі. Олардың тап осы жерде жүйелерінің қаншалықты оңтайлы құрылғандығын жақсы көруге болады - олар сонау балабақша мен мектептерден дарындар іздеп жүреді. Және сол дарындар түк қазба байлығы жоқ төрт арал Жапонияны үздіктер қатарынан түсірмей отыр.

Кеше жапондар Димаштан сұхбат алып отыр. "Сен өз халқыңды, еліңді қатты жақсы көреді екенсің иә" деп қояды. "Мынау ұлттық аспап домбыра ма" дейт..

Жалпы, Димаш жапондар үшін нағыз идеал адам, олар оған іштей қатты қызығып қалды білем; "әттең жапон боп туатын адам, әттең" деп... Димаш өзі ұлтшыл, өзі - өте дарынды жігіт. Жапонның талабына сай бозбала.
Ал ондай жігітке сонау әуежайдан қалайша иіліп құрмет көрсетпеске.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста