Бейбарыс сұлтанның ұрпақтары кімдер?

Бейбарыс сұлтанның ұрпақтары кімдер?

Араб тарихшыларының жазуынша, Бейбарыс сұлтан Жамақұлының 3 ұлы, 7 қызы болыпты.
Ұлдарының аты Берке, Саламыш және Қадыр екен. Қадыр туралы мәлімет жоқ, шешесінің де кім екені айтылмайды. Соған қарағанда жасайтынан өмірден өтсе керек. Ал Беркенің (1260-1280) анасы туралы әртүрлі болжамдар бар.
В.Бартольд, С.Лэн-Пуль, А.Н.Поляктің еңбектерінде Беркенің шешесі Алтын орданың билеушісі Берке ханның қызы екені айтылады. Алайда, ортағасырлық мысыр тарихшылары Ибн Ийас пен Ибн Тәңірберді (екеуі де мәмлүктен шыққан) Беркенің нағашы жұртын хорезмдіктермен байланыстырған. Яғни, хорезм билеушісі Хусам ад-Диннің қызы (немесе немересі) болғанын жазған. Ал Бейбарысты Хорезм билеушісімен құдаластырған айюбидтерден шыққан ас-Cалих Айюб сұлтан екен. Беркенің нағашысы хорезмдіктер деген қисынға келіңкірейді. Себебі, сол замандағы тағы бір араб тарихшысы Ибн Шаддад Беркенің Бейбарыс сұлтан болмай тұрғанда туғанын жазыпты. Ал Бейбарыс алтынордалық Берке ханмен дипломатиялық байланысты сұлтан тағына отырғаннан кейін жүзеге асырған болатын.
Бейбарыс ұлы Беркені кішкене кезінен сұлтан тағына ыңғайлапты. Төрт жасында сүндеттеп, тақ мұрагері деп жариялап, осы құрметті күн үшін Қаһира (Каир) көшелерінде салтанатты шеру ұйымдастырған. Сұлтанның бүкіл сарбазы Беркеге адал болуға ант берген. Он алтыға толғанда Берке Қалауын әмірдің (әлі сұлтан болмаған кезі) қызы Ғазияға үйленді. Сөйтіп, билік ісіне араласа бастады. Алайда қатыгездігімен аты шығыпты, тіпті әкесіне бірнеше рет қарсы келпті. Соңында Бейбарыс ашуына мініп Беркеге: «Менің мұрагерім сен емес, ұлым Саламиш болады» дейді. Бұл туралы жазушы Робин Янгтың «Крестовый поход» кітабында жан-жақты жазылған.
1277 жылы Бейбарыс Шам мен Анадолыға кетеді, сөйтіп Мысырды Беркенің билеуіне рұқсат берген. Алайда, әкесінің серіктері наиб Білік әл-Хазиндар мен уәзір Баха ад-Дин ибн Ханнаның кеңесіне жүгініп отыруды міндеттеді.
Бейбарыс сол сапарында Дамашық (Дамаск) маңында о дүниелік болды. Алайда, Білік болған жайтты Беркеден жасырып, сұлтанның сүйегі Қаһираға жеткенге дейін тіс жармауды жөн санады. Ондағы ойы Беркені сұлтан тағына отырғызу болатын. Алайда, сол кезде Білікті әлдебіреулер улап өлтірді.
Берке тақтан дәмеленіп, өзіне бағынбаған әмірлерді жазалауға көшті. Мұның соңы әмірлердің ереуіліне ұласты. Қалауын бастаған әмірлерден жеңіліс тапқан Берке әл-Қарақ қорғанына (қазіргі Йордания) қарай қашуға мәжбүр болды. Сол жақта жүріп дерт жұқтырып, 1280 жылы о дүниелік болды (Беркені Қалауын сұлтан улаған болуы мүмкін деген дерек бар). Арада жыл өткенде анасы сүйегін Бейбарыс сұлтанның жанына әкеліп жерлеген.
Ибн Ийастың жазуынша, Бейбарыстың екінші ұлы Саламыштың анасы бәдәуидің қызы екен. Берке билікті босатқан соң Қалауын секілді әмірлердің ықпалымен 1279 жылы 7 жасар Саламыш әкесі мен ағасынан қалған сұлтан тағына отырды. Алайда, анығында билікті Қалауын әмір атқарып отырған болатын. Кейін «билікті баланың қолына беруге болмайды, елді үлкен естияр басқару керек» деп Саламышты Стамбұлға айдап, бүкіл билікті өз қолына алды. Саламыш 1291 жылы 19 жасында сол жақта қайтыс болды.
Бейбарыстың екі ұлы да 1280 жылы бірінен соң бірі дүние салды. Ал Мысыр билігі толығымен Қалауын сұлтанның қолына көшті. Осылайша, заманында кресшілер жорығына тойтарыс берген, Алтын Ордамен байланысты нығайтқан, иісі мұсылманға қорған болған болған Бейбарыс сұлтанның ұрпақтары биліктен шеттетіліп, жұмбақ жағдайда қаза болды. Берке мен Саламыштың артында ұрпақ қалды, қалмады ма, ол туралы айтылмайды. Десе де, бүкіл түрк әлемі, соның ішінде түп-тамыры қазақ жұрты Бейбарыстай ұлы әміршінің ұрпағы екенін мақтан тұтады.
 aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста