«Қазақстан барысы-2023» алтын белбеу иегері анықталды

«Қазақстан барысы-2023» алтын белбеу иегері анықталды

Ғалымжан Қырықбай Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өткен «Қазақстан барысы-2023» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Астана күніне орай өткен «Қазақстан барысы-2023» турнирінің ақтық белдесуінде Маңғыстау барысы Нұрдәулет Жарылғапов пен «Әскер барысы» Ғалымжан Қырықбай жолыққан.

 

Аңдысумен өткен негізгі уақыт тең аяқталып, белдесу кезеңінде Ғалымжан Қырықбайдың бағы басым болды.

 

Ал Нұрдәулет Жарылғапов турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.

 

Бұған дейін турнирдің қола жүлдесі Павлодар облысының барысы Мұхтар Дәлелханұлының қанжығасында кеткен болатын.

 

Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» жылдағыға қарағанда өзгеше өтіп жатыр.

 

Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынап жатыр.

 

Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алған.

 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста