Әлемдегі ең табысты бизнесменнің хикаясы: ол қалай байыған?

Әлемдегі ең табысты бизнесменнің хикаясы: ол қалай байыған?

Әркім өмірдегі сәттілікті әртүрлі елестетіп, түрлі жағдайда табысқа қол жеткізеді. Тимоти Декстер де қарапайым өмірден сәттілік іздеген адамдардың бірі болып қалар ма еді? Мүлде шындыққа жанаспайтын ақпараттарға да сенетіні арқылы ол табыстың шыңына шығады.

Қарапайым отбасыда ержеткен Тимоти банкроттық жағдайда еді. Тимотимен кешкі ас кезінде досы қалжыңдап,  Үндістанда колониялық аралдардың тұрғындары Библияға, қуыруға арналған табаларға және . жылы қолғаптарға өте мұқтаж екенін айтады.

Аралдардағы ауа-райының қанша градус ыстық екенін, ондағы дінді білмеген Тимоти «досына» идея жағынан көмектескені үшін алғыс айтып, әрекетке көшеді.

Ол Библияның 100 000-ға жуық данасын, мың тамақ қуыратын таба және жүз мыңға жуық жүн қолғап сатып алады. Мұның бәрін өзінің сауда кемесіне жеткізіп, сауда сапарына аттанады.  

Сіз де Үндістанға бұл тауармен аттану «банкроттыққа апарар жол» деп ойлайсыз ба? Дегенмен сәттілік оны тәрк етпеді. Ол кезде Англия билігі иелігіндегі Үндістан аумағындағы жергілікті тұрғындарға христиан дінін уағыздай бастайды. Сондықтан Библияның бар данасы қымбат бағада бір күнде сатылып кетеді.

Бір-екі күннен кейін португалдық сауда кемесі аралғакеп тоқтайды. Сібірге жол тартқан португалдық кеме аралдан тек жанармай мен азық алуды көздеген еді. Тимотидің қалың қолғаптарын көрген олар, қуана-қуана қымбат бағада сатып алады.  

Ал тағам қуыратын ыдыстарды балық саудагерлері сатып алады. Олар бөлшектенген балық мүшелерін салып қоятын ыдыс ретінде қолдану үшін сатып алады.

Тимоти Ньюберипортқа өте бай саудагерлердің тізіміне еніп оралады. Бұрынғыдан да бай болып келген оған елдер қызғанышпен, жетістігін көре алмай қарайды. Нәтижесінде оның байлығын кемітетін жоспар ойластырады. Қаскүнем топ оған Ньюкаслға (көмір өндірумен әйгілі ағылшын қаласы) көмірі тасымалдауға кеңес береді. Бұл жолы да Тимоти ойланбастан жолға шығады.

Дектердің көмір тиеген кемелері айлаққа жеткенде, мұнда бір аптадан бері шахтерлердің ереуілі жүріп жатқаны белгілі болады. Ешкім жұмыс істемегендіктен портта көмір болмайды. Көмір алуға келген саудагерлердің бәрі басын тауға да, тасқа да соғып дал болып жатқандықтан, Тимотидің көміріне талас болады.

Тимоти өмірінің соңына дейін басқа кәсіпкерлер шығынға бататын жерден жетістікке жетіп өмір сүреді.  

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста