Жырау мен жыршы кім?

Қазақта «жырау», «жыршы» деген бір түбірден шыққан сөздер бар. Бұл екеуінің айырмашылығы неде?
Ләйлім ЕРЛАНҚЫЗЫ,
Алматы қаласы
«Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпи­калық дастандар мен толғауларды орын­дай­тын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энци­кло­пе­дия­сында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа сал­ған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәуе­гейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қа­рай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырау­ларына тән қа­сиет» делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түпнегізі абыздардан бас­талады. Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айтып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің «Диуа­ни-лұғат-ат түрік» еңбегінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жыраудың жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында» «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан, жыраулар деп те аталып жүрген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста