Бүгінде жүрек ауруы жасарып, жастарға дейін осы сырқатпен ауыратындар саны көбейді. Ал жүрек ауруының ішіндегі үрей тудыратын миокард инфарктісі ауруынан сақтанудың жолдары бар ма?
Шакарман ЖАҒЫПАРОВА, Жезқазған қаласы
«Ауру — астан» деп текке айтылмаған. Қандай аурудың болса да ең бірінші есте ұстар қағидасы — ішер асқа мән беру, семіздіктен сақтану. Жүрек ауруының, оның ішінде миокард инфарктісінің алдын алу үшін жейтін тағамның мөлшерін шамадан асырмауға және майлы тамақты азайтуға мән берген абзал. Майлы тамақ — артериялық қан тамырларын май басудың себепшісі. Ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін холестериннің артуынан, ағзаны семіздік басудан сақтану қажет. Тұзды, қуырылған, майлы тағамдарды шектеу қажет. Кез келген тағамның құрамында тұз болатындықтан, ас дайындау кезінде тұзды мүлдем пайдаланбай-ақ қоюға болады. Себебі тұз ағзадағы сұйықты бөгейді. Сондай-ақ қою шай, кофе, спиртті ішімдіктер де жүрек-қан тамыр ауруларының қоздырушылары болып танылатындықтан, сүтті және көкөністен дайындалатын тағамдарды молынан пайдаланған дұрыс. Темекі шекпей, керісінше, дене жаттығуларын жасап, спортпен айналысу – жүрек ауруын болдырмаудың кепілі. Дәрігермен кеңесе отырып, жүректің қызметінің қалыпты болуына дәнекер дәрілерді ішіп тұру және қан қысымын үнемі тексертіп отыру қажет.
Жүрек ауруынан сақтану жолдары қандай?
Последние статьи автора