Қызметкер өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз жазып, сонымен бірге кезекті еңбек демалысын беруді де өтініп отыр. Жұмыстан босаған кезде еңбек демалысы берілуі тиіс пе? Мекеме басшысының қызметкерден ай соңына дейін жұмыс істеуді талап етуге құқығы бар ма?
Майдан ӘЛІАЙДАРОВ, Алматы облысы
Сарапшы маманның мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің 110-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi. Пайдаланбаған демалыс күндерінің саны жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына үйлесімді есептеледі. Кодекстің 91-бабына сәйкес жұмыс берушi қызметкердiң нақты жұмыс iстеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиiс. Осыған орай, жалақы нақты жұмыс атқарған уақыт үшін төленеді.
Сонымен бірге, Кодекстің 57-бабына сәйкес, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушiге кемiнде бiр ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзiнiң бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Яғни, қызметкер өз еркімен жұмыстан босату жөнінде өтініш ұсынған жағдайда жұмыс беруші оған жоғарыда аталған жұмысты өтеу мерзімін белгілеуге құқылы. Бұл ретте, еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша аталған баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылуы мүмкiн.
Жұмыстан босаған кезде еңбек демалысы қоса беріле ме?
Последние статьи автора