Жұмыртқаның орташа бағасы қандай?
Елімізде тауық жұмыртқасының орташа бағасы қандай? Қымбаттау байқала ма? Қай өңірде жұмыртқа арзан?
Айгүл Кеңесбаева, Батыс Қазақстан облысы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, биылғы шілдеде өткен жылғы алты аймен салыстырғанда жұмыртқа өнімінің бағасы 2,4%-ға өскен. Қазіргі уақытта тауық жұмыртқасының 10 данасының еліміз бойынша орташа бағасы – 163 теңге. Жұмыртқа құнының ең төменгі көрсеткіші Қостанай облысында тіркелген. Бұл өңірде 10 дана жұмыртқа 111 теңге тұрады, ал ең қымбат баға Алматыда – 239 теңге. Статистика агенттігі мамандарының мәліметінше, биыл ұн өнімдері 23,4%-ға, сұйық май мен тоң май 23,2%-ға, қант 19,6%-ға, жеміс-жидек 13,7%-ға, сүт өнімдері 11,4%-ға, макарон түрлері 10,2%-ға, кофе мен шай 8,4%-ға, нан және алкоголь өнімдері 4,7%-ға қымбаттаған. Қой еті бағасы 21,2%-ға, жылқы еті 12,1%-ға, құс еті 8,5%-ға артып отыр.