Жол ережесін бұзғандарға айыппұл қалай есептеледі?

Мен енді ғана көлік жүргізуді үйреніп жүрмін. Жол қозғалысы ережелерімен енді-енді танысып жатырмын. Қызықтыратыны – жол қозғалысы ережелері бұзылғаны үшін қанша көлемде айыппұл салынады?
Айдын БЕКЕТҰЛЫ,
Астана қаласы
Бүгінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс пен «Жол қозғалысы қауіпсіздігі тура­лы» Заңына өзгерістер мен қо­сым­шалар енгізілді. Заң норма­ларында автокөлік апатының деңгейін төмендету және алдын алу әкімшілік-құқықтық әре­кетінің тиімді және қазіргі заман­ғы әдісі қарастырылған. Мәсе­лен, бірінші рет жол ережесін бұзу­шылық үшін айыппұл ғана салын­са, бұл жағдай келесі қай­та­ланған кезде айыппұлмен қоса жол қозғалысы ережесі бойынша білімін тексеру жүзеге асырыла­ды. Ал үшінші жол ере­же­сін бұзушы­лық үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген. Альтернативті айып мөлшері шек­телгенімен, көлік құралын басқа­ру құқығынан айыру жағдайының біртұтас мерзімі енгізілуде. Жауапкерші­лікті арттыру шарала­ры да қа­растырылуда. Көлік құ­ра­лын бас­қару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағандығы үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемін­де айыппұл салын­са, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін алғаш рет ұсталған адам екі жыл мерзімінде көлік басқару құқы­ғынан екі жылдық мерзімге айыру жазасы қолданылады. Үшінші рет мас күйінде көлік жүргізген адам 10 жыл мерзімінде көлік жүргізу құқығынан айыры­лады. Белгі­лен­ген жылдамдықты жоғарылатқан­дығы үшін 5-тен 15-ке дейінгі айлық есептік көр­сеткіш көлемін­де айыппұл салы­нады. Көше қиылысын жүріп өту бұзушылығы үшін 5 және қайта­лан­ған жағ­дайда – 15 АЕК айып­пұл төлеу міндеттелсе, жолдың қарсы бағы­тына шығып кету ере­же бұзу­шы­лығы үшін 15 АЕК және қайталан­ған жағдайда жүргізуші көлік басқару құқығынан айыры­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста