Зілзаланың күші қандай болғанда ғимараттар түгел қирайды?

Зілзаланың күші қандай болғанда ғимараттар түгел қирайды?

Алматы облысында жер сілкінісі жиі болып тұрады. Кейде үш балл, кейде төрт балл деп жатады. Осы өлшемдердің әсерлері қандай? Төрт балдық сілкіністің әсері мен бес балдық сілкіністің әсері қандай?
Арманбек ТӨЛЕУБЕКОВ,
Алматы қаласы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, Алматы болжау полигоны аумағындағы жер сілкінісі MSK-64 сейсмикалық шкаласы бойынша өлшенеді.
IV балдық дүмпу – көзге көрінетін сілкініс. Бұл кезде әйнектер дірілдейді, үй қабырғалары мен жақтаулар, люстра­лар, ілінген заттар селкілдейді, сұйықтық тербеледі.
V балл – мамандардың тілінде «ояну» делінеді. Бұл жағдайда ұйықтап жатқан адамдар селк етіп оянады. Есік-терезелер кенеттен ашылып кетеді. Қабыр­­ғаларға сызат түсуі мүмкін. Жа­нуарлар мазасыз­дана бастайды, ит үріп, қораз шақыруы мүмкін.
VІ балл – үрейлі дүмпу. Сілкініс көп адамның мазасыздығын, үрейін туғыза­ды. Үй қабырғаларының арасы ашылуы мүм­кін. Ұсақ-түйек бұйымдар орнынан қозға­лып, теңселеді. Ағаштар сынып, құлай­ды.
VІІ балл – ғимараттар қақырайды. Адамдардың бір орында тұруы қиындайды. Үй жиһаздары қирайды, панельді типтегі және кірпіш нысандарда үлкен сызаттар пайда болады, ағаш жақтаулар құлап түседі.
VІІІ балл – ғимараттар қатты қирайды. Панельді типтегі ғимараттар мен кірпіш үйлердің қақ бөлінуі байқалады. Саман үйлер бұзылады. Әлсіз қабырғалардың бәрі жермен-жексен болады. Пеш мұржа­лары мен құбырлар бекітілген орындары­нан ажырап құлайды. Кейбір үйлердің қабыр­ғалары іргетасынан тайып кетеді. Қыраттардан топырақ сырғуы мүмкін.
ІХ балл – ғимараттардың жаппай зақым­да­нуы. Панельді типтегі бас­па­на­лар­да терең жырықтар пайда болып, бұ­зылуы мүмкін. Саман үйлер түгел қирайды. Кірпіш ғимараттардың шатыры ортасына түседі. Мүсін-ескерткіштер мен биік бағандар қирайды. Байланыс нашарлайды. Көшкін болады. Жер қыртысында жарық­тар пайда болады.
Х балл – ғимараттардың жаппай қирауы, орасан зор зілзала. Бөгеттер мен плотиналар зақымданады. Көпірлер қи­райды. Жол қатынастары үзіледі. Теміржол­дар қисайып, жерасты құбырлары мен инженерлік желілерге үлкен зақым келеді. Жерде шыңыраулар пайда болады. Адамдардың қирандылар астында қалу, ойықтарға түсіп кету қаупі күше­йеді.
ХІ балл – катастрофа. Ғимарат­тардың барлық материалдан соғылған түрлері түгел қирайды. Барлық инже­нерлік желілер, құбырлар, мұржа-ба­ған­дар, тіректер, сымдар түгел дефор­ма­ция­ға ұшырап, жарамсызданады. Таулардан көшкін сырғиды.
ХІІ балл – рельефтің өзгеруі немесе «ақырзаман». Жердің үстіңгі қабаты радикалды өзгерістерге ұшырайды. Көлдер мен сарқырамалар пайда бола­ды, лай көшеді, топырақ борайды, шы­ңыраулар көбейеді. Жер беті тып-типыл болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста