Менің жиенім жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Оның анасы кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен. Келесі жылдан бастап бала өз бетімен өмір сүруге жіберіледі. Ол осы уақытқа дейін мемлекеттен ешқандай жәрдемақы алған емес. Айтыңыздаршы, жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне мемлекеттен материалдық көмек бөліне ме?
Нұргүл ЕДІГЕ, Алматы облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының айтуынша, «Жас ерекшелігіне, асыраушысынан айырылуына және мүгедектігіне орай берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Сіздің жағдайыңызда сот органдарына жетімнің анасын із-түзсіз жоғалған тұлға деп тану жөнінде өтініш жазу қажет. Сот шешіміне сәйкес бала кәмелетке толғанша мемлекеттен жәрдемақы алуға құқылы. Жәрдемақы жетім баланың заңдық өкіліне (асыраушы, жетімдер үйінің басшысы) төленеді.
Жетімдерге жәрдемақы төленеді
Последние статьи автора