Қазыналық кәсіпорын қызметкері зейнет жасына толған күні онымен еңбек келісімшарты тоқтатыла ма?
Меруерт ДАНАБЕКОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың мәліметінше, Еңбек кодексінің 240-бабына сәйкес, қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы кодексте белгіленген негіздермен қатар, азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады.
Бірақ мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін.
Дегенмен «зейнеткерлік жасқа жетіп, жұмысын жалғастырып жүрген азаматтың заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі» деген сөз «зейнеткерлік жасқа жету күні» деген мағынаны білдірмейді. Яғни кодекстің бұл нормасы зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтық қызметшімен еңбек шартын дәл сол зейнеткерлік жасқа жету күнінен бастап еңбек шартын бұзу немесе оны ұзарту керек дегенді білдірмейді.
Осы орайда жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын бұзу құқығын қызметкердің зейнеткерлік жасқа жету күнінен бірнеше айдан кейін пайдалануға құқығы бар.
Зейнет жасына толғанда еңбек келісімшарты тоқтатыла ма?
Последние статьи автора