Әлемде әлі күнге жазуы жоқ тілдер бар ма? Олар қандай?
Гүлмира Жақсыбекова, Алматы қаласы
Сөзі жоқ ұлт болмағанымен, жазуы жоқ халықтар әлемде әлі де бар. Ал жазуы жоқ халықтың мемлекет құруы мүмкін емес. Оған бірден-бір дәлел ретінде сығандарды айтуға болады. Сөйлеу тілі болғанымен, алфавиті, жазуы жоқ ол халық, бір таңғаларлығы осы күнге дейін жер бетінен жойылып кетпей келе жатқандығы. Сығандардың өз алдына жазуы жоқтығының бірден бір себебі олардың бір жерде тұрақтамай, әлі күнге босып, көшпелі өмір сүретіндігінде секілді.
Сондай-ақ Африка құрлығының ну ормандарында, ондағы шағын мемлекеттерде, сол секілді Амазонкада да күні бүгінге дейін ауызекі тілі болғанымен, жазуы жоқ көптеген тайпалар бар көрінеді. Индонезияда 700-ге жуық тіл бар десек, соның ішінде жазуы жоқ өте аз санды халықтар бар екен.
Алысқа бармай-ақ, Гүржістанда жазуы жоқ мингрель тілін айтуға болады. Жалпы, Жер бетінде жазу жоқ жүздеген тілдер бар. Мұндай тілдер Тәжікстанда, Памир тауы бойында да бар екен. Жалпы, бір сөзбен айтқанда, жазусыз тіл болады, ал тілсіз жазу болмайды. Сонымен қатар жазусыз тілдің жойылу қаупі көбірек.
Жазуы жоқтың жазығы жоқ
Последние статьи автора