«Жасыл экономикаға» көшкен елдер тәжірибесі қандай?

Еліміз «жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдама қабылдағаны мәлім. Жалпы, «жасыл экономикаға» бетбұрыс жасаған әлем елдерінің тәжірибесі қандай?
Шынар,
Алматы облысы 
Моңғолия, Қытай және Оң­түс­тік Корея сияқты елдердің прези­дент­тері өршіл «жасыл экономика» жос­парларын жария етіп, оны жү­зеге асы­ра бастады. Мәселен, Оң­түс­тік Ко­рея бүгіннің өзінде жыл са­йын «жа­сыл» секторға ЖІӨ-нің 2%-ын ин­вестициялайды, ал Қы­тай инвес­ти­циялары ЖІӨ-нің 1,5%-ы дең­гейін­де, ал 2015 жыл­ға қарай 2%-ға дейін ұлғайтуды ме­желеп отыр. Сол сияқты Брази­лия­да топырақты күтіп ұстаудың, ауыл шаруашылығы өнімдерін жи­наудың және жеткізу тізбегін бас­қарудың жетілдірілген жүйесі есе­бі­нен ауыл шаруашылығы жерлерін қал­пына келтіру жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы көмір ин­дустриясы орталығынан «Үшін­ші ин­дустриялық төңкеріс» инфра­құ­ры­лымы бар жаңа «жасыл» сектор ор­та­лығына айналды. Қа­­зақ­стан «Бо­лашақтың энергия­сы» атты ЕХРО-2017 көрмесі мен «Жасыл көпір» әріптестік бағдар­ла­масын іске асырмақ. Еліміздің «Жа­сыл эко­но­мика» тұжырымда­ма­сына сәйкес, 2050 жылға қарай «жа­сыл эконо­ми­ка» шеңберіндегі жа­ңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қо­сым­ша ұлғай­тып, 500 мыңнан ас­там жаңа жұмыс орн­ын құруға, өнеркәсіп пен қыз­мет көр­­сету­лердің жаңа салала­рын қа­лыптастыру, халық үшін сапа­лы өмір сүру стандарттарын қамта­ма­­сыз ету жоспарланып отыр. Тұ­тас­­тай алғанда, «жасыл экономи­ка­ға» көшу үшін қажетті инвестиция­лар кө­лемі жыл сайын ЖІӨ-нің ша­ма­мен 1%-ын құрайтын болады, бұл жылына 3-4 миллиард АҚШ дол­лары­на тең.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста