Жарты ставкаға ауыстыру қалай жүргізіледі?

Мен бұған дейін толықтай штатта жұмыс істеп жүрген едім, жуырда мені 0,5 ставкаға ауыстыру жөнінде бұйрық шығарылды. Бұл заңды әрекет пе? Жарты ставкаға ауыстыру қалай жүргізіледі?
Әбдімәлік БАҒАШАРҰЛЫ,
Алматы
Қызметкердің еңбек жағдайларын өзгерту тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 48-бабымен белгі­ленеді. Аталған бапқа сәйкес, өндiрiстi ұйымдас­тырудағы, соның iшiнде қайта ұйымдастыру кезiн­дегi өзгерiстерге және жұмыс берушiнiң жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты қыз­меткер еңбек шартында келiсiлген тиiстi бiлiк­тiлiктегi лауазым, мамандық немесе кәсiп бо­йынша жұмысын жалғастырған кезде оның ең­бек жағдайларын өзгертуге жол берi­ле­дi. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына немесе ұжымдық шартқа тиiстi то­лықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi. Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудiң анағұр­лым ұзақ мерзiмi көзделмесе, жұмыс берушi қызметкерге немесе оның өкiлдерiне еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептер бойынша орын алған өзгеруi туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс. Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келiспесе, онда жұмыс берушi бар болса, қызметкердiң бiлiк­тiлiгi мен денсаулық жағдайына сәйкес келетiн өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызмет­кер­дiң бiлiктiлiгi мен денсаулық жағдайы ескерiлiп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға мiндеттi. Еңбек жағ­дайларының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты осы кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2-тар­мақшасында көзделген негiз бойынша тоқтаты­лады. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқартуға әкеліп соғуы мүмкiн болса, жұмыс берушiнiң жұмыс орындарын сақтау мақсатында қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып, толық емес жұмыс уақыты режимiн енгiзуге құқығы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста