Жарнаманың пошталық нұсқасы
Естуімше, «Қазпошта» АҚ тікелей пошталық жарнама, яғни «Директ Мэйл» қызметін ұсынатын көрінеді. Сол жайында толығырақ білгіміз келеді. «Директ Мэйл» қызметінің міндетіне не кіреді?
Алуа Марланқызы, Павлодар қаласы
Расында да, міне, бірнеше жыл болды «Қазпошта» АҚ пошталық тасымал нарығында мекенжайларға жарнамалық материалдарды таратуда, яғни, оқырман айтпақшы, «Директ мэйл» қызметін ұсынып келеді. Мұндай қызмет түрі «Директ маркетинг» бағыты бойынша жүзеге асады.
Жарнамалық материал пошта жөнелтілімдері (хаттар, бандерольдар және басқа) түрінде таратылып, көрсетілген мекенжайдың пошта жәшігіне салынады. Сондай-ақ адамдарға тікелей тапсырылады. Аталмыш қызмет мерзімдері және тарату тәртібі келісімшартқа отырған «Қазпошта» мен компаниялардың келісімдері негізінде жасалған.
«Қазпошта» АҚ «Директ-мейл» қызметін көрсету аясында басқа да қосымша қызмет көрсете алады. Атап айтсақ:
– мекенжай көрсетілмеген жарнамалық материалдарды тарату;
– белгілі бір басылымға (журналға, газетке) қосымша ретінде жарнамалық материалдарды тарату;
– жарнамалық материалдарды пошта бөлімшелері арқылы тарату (пошта бөлімшелерінде плакаттар, үнпарақтар тарату).