Жәңгір мектебі жайлы білгім келеді

Жәңгір мектебі жайлы білгім келеді

«Атақты Жәңгір хан кезінде қазақ балаларына арнап мектеп салдырған» деген деректі бір жерден естіп қалып едім. Осы жөнінде қысқаша айтып берсеңіздер.

Жайнақ РҮСТЕМОВ, Алматы облысы

Тарихшылардың пайымдауынша, Жәңгір мектебі – қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп. Жастайынан зиялы қауымның арасында болып, орыс, татар, неміс тілдерін меңгеріп, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген кезден-ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді мақсат етеді. 1826 жылы Қазан университетінің ректоры Фукске Жәңгір өз ордасында мектеп ашып, ғылымға қазақ баласының да қолын жеткізуге бастама жасау ниеті бар екенін білдіреді. Фукс ол туралы  «өзінің жас кезінде, хандығында бірде-бір үй тұрғызылмаған кезде, оның білімінің пайдасы жөнінде ойлануы қандай ғанибет» деген пікір айтады.

Мектеп ашу жөнінде Жәңгірдің арманы тек 15 жылдан кейін барып іске асты. 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған тұңғыш мектеп дүниеге келді. Қарағайдан қиып салынған мектеп үйі Ордадағы еңселі үйдің бірі болған. Оқушылардың партасы, мұғалім үстелі мен орындығы, сынып тақтасы ағаштан ойылып жасалған. Жәңгір хан бұл мектепке жылына 1404 сом ақша беріп отырған. 1905 жылы осы екі сыныптық мектеп төрт сыныптық мектепке айналып, жанынан мұғалімдер даярлайтын педагогикалық  курс ашылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста