Кейде Парламент депутаттарының отырыстары мүшелерінің толық қатысуынсыз өтіп жатады. Кезекті мәжіліске келмей қалатын депутаттарға жаза қолданыла ма?
Еркебұлан ЯХИЯЕВ, Кентау
Егер депутат Палаталар мен оның органдарының отырыстарынан негізсіз себептермен үш реттен артық қалып қойса, қатыспаған күндерiнің жалақысы төленбейді. Ал дәлелдi себептерсiз бiр айдан артық қатыспаған жағдайда Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес өзiне берiлген барлық материалдық, қаржылық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету жағдайларынан айырылады. Мұндай шешімді тиiстi Палатаның төрағасы қабылдайды. Жазаның бұдан да басқа түрлері бар. Отырыс регламенттерiн немесе депутаттық әдеп ережелерiн бұзғандарға Палата төрағасының шешiмiмен парламенттiк мiнеу, көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету, Палаталардың бiрлескен немесе бөлек отырыстарында қатарынан үш рет сөз бермеу, Палаталардың бiрлескен немесе бөлек бiр отырысының уақытында отырыс залынан шығарып жiберу деген секілді жазалаулар қолданылады. Қысқасы мектеп ережелерімен салыстырғанда «бұрышқа тұрғызу» жазасы ғана жоқ.
Жалқау депутаттар жазаланады
Последние статьи автора