– Жалақыны қанша уақытқа дейін кешіктіріп беруге болады? Осыған байланысты менің жұмысқа барудан бас тартуға құқым бар ма? Мен жұмыс істейтін мекемеде соңғы үш ай көлемінде жалақымыз берілмей келеді.
Зәбира, Алматы
Еңбек келісімшартына қайшы болатын жұмыс берушінің кінәсінен айлық-жалақы немесе өзге де төлемдер кешіктірілген жағдайда қызметкерге қарызынан өзге үстемеақы төленуі керек. Үстемеақы көлемі Ұлттық банктің мөлшерлемелі қайта қаржыландыруының жалақы төлеу міндеттемелері мен төленуі тиіс ақының кешіктірілген әрбір күнтізбелік күні негізінде есептеледі. Бұл мәселемен еңбек инспекторлары айналысады. Мұндай мәселемен тұрғылықты жердегі Әлеуметтік бақылау және халықты қорғау жөніндегі департаментіне хабарласқаныңыз жөн. Сондай-ақ сіздің тарапыңыздан жұмысқа бармауыңыз – еңбек келісімшартына кереғар әрекет. Бұл тәртіптік шара қолдануға дейін алып баруы мүмкін.