Халықаралық бақылаушылардың міндеттері қандай?
Алда Сенат сайлауы келе жатыр. Елімізге келетін халықаралық бақылаушылар қандай міндеттерді сақтауы тиіс?
Дәурен ЖАҚЫПБАЙ, Алматы
Елімізге келетін халықаралық бақылаушылардың төмендегідей міндеттері бар:
а) халықаралық бақылаушы ретінде келген елінің Конституциясы мен заңдарын, осы Конвенцияның, өзге де халықаралық құжаттардың ережелерін сақтауға;
ә) халықаралық бақылаушы ретінде келген елі белгілеген тәртіпте берілген тіркелгені туралы куәлігінің болуы және оны сайлауды ұйымдастырушылардың талабы бойынша көрсетуге;
б) өз қызметін саяси бейтараптық, бұрмалаушылықсыз, сайлау органдарына, мемлекеттік және өзге де органдарға, лауазымды тұлғаларға, сайлау процесіне қатысушыларға қатысты қандай да бір артықшылық білдіру немесе оларға баға беруден бас тарту принциптерін басшылыққа ала отырып жүргізуге;
в) сайлау процесіне араласпауға;
г) барлық қорытындыны өз бақылауы және нақты материалдар негізінде жасауы тиіс.