Сонау көне замандардан бастап бүгінге дейін энциклопедияның түр-түрі шыққаны белгілі. Менің білгім келетіні, бүгінде жиі айтылатын «Википедия-энциклопедия» деген не?
Жансая АСЛАНҚЫЗЫ, Алматы
Иә, дұрыс айтасыз, алғашқы энциклопедия ежелгі Египетте пайда болып, уақыт өте келе оның түр-түрі шығып, бүкіл адамзат керегін осы кітаптан іздейтіндей анықтамалыққа айналды. Ал бүгінде технологияның дамыған заманында Интернетті пайдаланушылар өзіне қажетті деректі Википедия-энциклопедиясынан табады. Сонымен Википедия дегеніміз – жалпыға қолжетімді, көптілді, әмбебап энциклопедия. Бірақ мұның басқа энциклопедиялардан айырмашылығы, бұл қалың кітап түрінде емес, интернеттегі сайт түрінде қажет дерегіңізді табуға көмектеседі. Яғни «вики» сайтты қалыптастыру технологиясы деген мағынаны білдіреді. Бүгінде википедия тақырыптық жағынан адамзат тарихындағы ең ірі және ең танымал интернет анықтамалық болып саналады. Википедияның негізін 2001 жылдың қаңтарында Джими Уэйлсом және Сэнгером деген адамдар қалаған. Википедияға дүниежүзінің төрт бұрышынан жиналған миллиондаған материалдар, мақалалар жинақталады. Мұндағы материалдарға сайтты қолданатын кез келген адам өз еркімен түзету енгізе алады.
Википедия-энциклопедия деген не?
Последние статьи автора