Украинада 126 саяси партия бар
Украинада саяси партиялардың саны 100-ден асады деп естіп едім, осы рас па және сол партиялардың барлығы да сайлауларға қатыса ма?Қайыржан ЖҰМАНҰЛЫ, Алматы
Шынымен де, посткеңестік елдердің ішінде Украина қызықты саяси оқиғалардың көп болуымен ерекшеленеді. Ең жоғарғы заң шығарушы орган Жоғарғы Радада жайма-шуақ отырыстар өте сирек орын алады. Иә, Украинада соңғы мәліметтер бойынша 126 саяси партия ресми тіркеуден өткен екен. Бұл партиялардың барлығы белсенді әрекет ете бермейді. Мысалы, 2006 жылғы парламентке өткен сайлауға сол 126 партияның 28-і және 17 блок қатысты. Ал 2007 жылғы сайлауда 11 партия мен 10 сайлау блогы сынға түсті. Бұлайша көп партия болуының басты себебі оларда бағдарламалары өте ұқсас құрылымдар көп. Төрт бірдей коммунистік, экология мәселесімен айналысатын үш партиясы бар елде саяси партиялардың саны көп болуы сондықтан. Сонымен қатар Украина конституциясы этносына, діни сенімдеріне байланысты партия құруға рұқсат береді.