Менің күйеуім бар тапқан табысын далаға жұмсайды. Екі баламды асырау менің мойныма жүктелген. Сондықтан күйеуіммен ажырасуды ойлап жүрмін. Алайда үйді қалай бөлісуді білмеймін. Пәтеріміз екі бөлмелі. «Ажырасуға бірінші арыз берген адам ақша төлейді» дегенді естідім. Осы рас па?
Гүлжан ЕРЖАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Кез келген адам азаматтық не қылмыстық іс бойынша сотқа шағымданғанда мемлекеттік баж салығын төлейді. Сіздің жағдайыңызда мүлікті бөлісу үшін алдымен үйдің бағасын қазіргі нарықпен есептеп шығарып алу керек. Болмаса, жылжымайтын мүлікпен айналысатын фирмаларда арнайы «бағалаушылар» болады, солардың көмегіне жүгініңіз. Сөйтіп, үй бағасын шығарған соң, сол бағаның 1 пайызын төлейсіз. Мысалы, ол үй 15 миллион теңге болса, оның 1 пайызы 15 мың теңге болады. Сол соманың жартысын, яғни 7500 теңгені арызданушы адам төлейді. Одан кейін талап-арызға сол төленген ақшаның түбіртегінің көшірмесін қоса өткізесіз.
Ал үйді бөлісу мәселесіне келсек, бұл жерде мәселені сот шешеді. Ерлі-зайыптылар некелі кезде бірге сатып алған дүние-мүліктер тең бөлінуі мүмкін. Дегенмен кәмелетке толмаған перзенттердің жағдайы да ескеріледі.
Үйді қалай бөліседі?
Последние статьи автора