Қазір балалар арасында тұмау көп. Осы орайда менің білгім келгені – бала тұмаумен ауырғанда үй жағдайында қандай емдік шөптерді пайдалануға болады?
Айжамал БЕКЕНТАЕВ, Жамбыл облысы
М.Ш.ЖАНСЕИТОВА, МСЭҚД Бостандық ауданы бойынша басқармасының маманы:
– Балалар тұмаумен ауырғанда үй жағдайында мынадай ем қолдануға болады:
1) Усойқы (волчник) шөбінің қабығынан 6-7 см бөлшегін алып, 50-60 мл-дай ет сорпасына қосып, бір минуттай қайнатып, жылылай ішкізу керек. Қайнатылған сұйықтықты үлкендер бір-ақ ішеді. Ал балаларға жартылай, яғни 25-30 мл-дай ішкізу қажет. Сол қабықты екінші рет 6-7 минут сол мөлшердегі, яғни 50-60 мл сорпаға қайнатып қайта ішкізуге болады. Ол денедегі суықты шығарып, уытты қайтарады. Асқазанның жұмыс істеу қабілетін арттырады. Осы емдеу әдісін 3 күн қатарынан қайталаса, науқас тұмаудың қандай түрінен болсын сауығып кетеді.
2) Өгейшөп жапырағының 1 ас қасығын, таңқурай жапырағының 2 ас қасығын 500 мл суға 3-4 минут қайнатып, 40 минут тұндырып, жарты кеседен күніне 3 рет ішкізу керек. Емделу мерзімі 7 күн.
3) Бір кесе қайнаған суға 1 шай қасық тұзды араластырып, ерітіп, жылылай мұрынға тартады немесе мұрынның ішін жууға да болады.
4) Шай демдейтін кішкентай шәйнекке су қайнатып, бір ас қасық балды араластырып ерітеді. Будың ыстығы сәл басылған соң шәйнектің қақпағын жақсылап жауып, шүмегінен шыққан буды түтік арқылы жұтады. Сонымен дем алдырады. Су суып қалса, қайта қыздырады. Бумен дем алу 15-20 минутке созылады. Бумен емдеу кезінде тыныс жолдарын күйдіріп алудан сақтану керек.
5) 4-5 грамм сабырды (алоэ) мұзқантпен, яғни набатпен қосып, 100 мл суға қайнатып, күніне 3-4-ке бөліп ішкізу қажет. Емделу мерзімі 5 күн.
Тұмау қатты болса, жас балаларға гамма-глобулин еккізу қажет. Гамма-глобулинде түрлі тұмау қоздырғыштарына (вирустарына) қарсы тұратын антиденелер бар. Тұмауды үйде емдегенде антигриппин, ремантадин, интерферон және оксолин майын пайдалану керек.
Үй жағдайында тұмауға қарсы қандай ем қолдануға болады?
Последние статьи автора