Мемлекеттік мекемеге бала күтуде отырған қызметкердің орнына өткен жылдың қазан айында басқа қызметкер уақытша жұмысқа кірді. Осы қызметкерге кезекті еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы тиесілі ме? Уақытша қызметкер тарифте көрсетілмеген, яғни сауықтыру ақысы қаралмаған. Қай заңға сүйенуге болады?
Гүлмира, Жамбыл облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, ҚР Еңбек кодекстің 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. Кодекстің 106-бабына сәйкес, жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген 12 айды құрайды.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Сонымен бірге Кодекстің 107-бабына сәйкес, қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi. Яғни қызметкерге сауықтыруға арналған жәрдемақы еңбек демалысының ұзақтығына қарамастан, толық мөлшерде төленуі тиіс.
Уақытша жұмыс істегенде сауықтыру ақысы төлене ме?
Последние статьи автора