Түрлі-түсті алтынның артықшылығы неде?

Түрлі-түсті алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың сары алтыннан жасалған бұйымдарға қарағанда, сынама көр­сеткіші төмен бола ма?
Айгүл Бекова,
Алматы облысы
Алтынның қызыл, алқызыл, жасыл, көк, тіпті қара түстері де бо­лады. Бүгінде көптеген белгілі зергерлік үйлер түрлі-түсті алтынды кеңінен пай­да­ла­нады. Мамандардың ай­туын­ша, түрлі-түсті алтынның сары алтыннан сы­намасы төмен болмайды. Не­гі­зінен, түрлі-түсті алтынды қол­дану сонау XIX ғасырда, яғни ос­мий, ро­дий, палладий секілді қым­бат металдар ашылған кезде  бас­тау алған. Алтынға осы ме­тал­дар балқытылып қосылатын болған. Алайда бұл қоспалар ал­тынның сынамасына және зер­герлік бұйымдардың са­па­сы­на кері әсер етпейді. Зер­гер­лік кә­сіпте ешқашан таза саф алтын қолданылмайды. 585 сы­намалы алтында таза ал­тынның үлесі 58,5 пайыз, ал 750 сынамалы ал­тында 75 пайыз. Түрлі-түсті ал­тыннан жасалатын зергерлік бұ­йымдар, негізінен, 750 сы­намалы болып келеді. Зергерлік тіл­де түрлі-түс­ті қоспа лигатура деп ата­лады. Ең кең таралған ли­га­ту­ралар – күміс пен мыс. Ақ алтын ал үшін палладий мен пла­тина пай­даланылады, ал­қы­зыл және қызыл алтынның құра­мында – мыс, жасыл алтын алу үшін бел­гілі бір мөлшерде күміс, мы­рыш, палладий, көгілдір ал­тында – индий мен родий, сия­көк алтында – алюминий мен ка­лий, қара алтында кобольт пен хром қоспалары қол­да­ны­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста